Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
2
12:54, 15 декабря 2011

Арманым

Көңілім душар қылды бір арманға,
Іздеймін оны күнде бұл жалғанда.
Әр таңмен сенім кернеп оянамын,
Таңертен тереземді күн шалғанда.
Үмітім ешқашанда үзілмейді,
Күтейін бүгін, ертен, мәңгі мейлі.
Жасырып ішімдегі сезімімді,
Мұңымды көзім ешбір сездірмейді.
Сенемін бүгініме, ертеңіме,
Болмасын мендік мына құр бос кеуде.
Жығылсам жанарыма жасырайын,
Тиып сап көздің жасын жүрегіме!

АЙДАНА УСЕНБАЙ

2