Маған арналған :)

Moldir Akhmetova 2011 M12 14
1065
2
1
0

Салем^^ көп болды ия мен жазбагалы? Енді 21 ғасыр болса да, менде үйде интернет қосылмаған. Өкінішті-ақ! Жарайды, осы жакында қостыратын шыгармыз иншаАллаһ. Ал қазыр жазайын дегенім.. Әлия деген...

Салем^^ көп болды ия мен жазбагалы? Енді 21 ғасыр болса да, менде үйде интернет қосылмаған. Өкінішті-ақ! Жарайды, осы жакында қостыратын шыгармыз иншаАллаһ. Ал қазыр жазайын дегенім.. Әлия деген апайымнын менің туған күніме арнаган өлендері:

17 жасыма арнағаны:

Сен бізге ай мен жұлдыз күнімдейсің
Мөлдіреп қара көзің күлімдейсің
Жарқ етіп алдымыздан шыққаныңда
Папаң мен мамаңның көзіндейсің
Жылменен жарасады туған күнің
Әкелсін әрбір жылдар бақытты күн
Тілеймін мол бақыт, денсаулықты
Құтты болсын туған кунің қуанышты
Еркелетіп өсірді ағаң сені
Уақыт өтіп кетер әлі-ақ енді
Сондықтан оқу оқып білім алып
Өткізбе босқа бекер уақытыңды!

18 жасыма арнағаны:

Он сегіз жас балалықпен қоштасу ма
Жалындаған жастық шақ басталды ма
Оқу оқы, білім ал тәрбиелі
Алға ұмтыл, жалықпа ешқашанда
Туған күнің құтты болсын құлыным
Таудан аққан бұлақтай
Мөлдір болсын өмірің
Денің сау боп әрдайым
Орындалсын арманың
Аспа - таспа жасыма
Адал бол дос - туысқа
Әлемдегі бар жақсылық
Бақ боп қонсын басыңа!

Сіздерге қалай ұнады ма?

20-ға да толып қалдым.. Қазақстан екеуіміз жасты екенбіз ^^

Оцените пост

1

Комментарии

Дальше