Не деген керемет өлең жолдары!

Мәдина Торғаева 2011 M12 14
3330
0
19
0

Мәңгүрттенбе Қазағым, мәңгүрттенбе Шала сөйлеп сақауланып кеттің бе...  Орысшалап отырған түрің мынау Намысыңды жерге таптар еттің бе... Ана тілін білмейтін, Қай қазақсың?! Жана түспей, түтін болып...

Мәңгүрттенбе, қазағым, мәңгүрттенбе!
Шала сөйлеп сақауланып кеттің бе... 
Орысшалап отырған түрің мынау
Намысыңды жерге таптар еттің бе...

Ана тілін білмейтін, қай қазақсың?!
Жана түспей, түтін болып бықсыған
Қор қылатын қазақ тілін қай жансың?!
Шежіресін шатастырып шыжыған.

Сөйлей алмайм, половина сөйлей алам.
Қиын болды қазақша үйрене алмайм,
Екі сөзін қоса алмай шалаланған,
Кім едің... тілі кетіп бұрмаланған?!

Биліктегі ағаларға қайран қалам,
Бұқараға беріп сұхбат ойраңдаған.
Қалаулысы елінің сайланған соң,
Бәрін тастап орысшалап сайрандаған.

Тек бір адам көзіме тірек болды,
Даттауынан басқалары үнін жойды,
Бекболат Тілеуханов ағамыздай
Дәстүрдің мәселесін алға қойды.

Қынжылатын, тілге жаны ашырлар
ИншАлла, шалалар саны таусылар
Алдағы ұрпақ мін салмайтын тіліне 
Бұйыртса екен нағыз қазақ даналар

Жан ашыры болып қатты айтқан болсақ,
Тисін деп көңіліңе сөз санаңа нақ,
Түйін түйіп тоқетері сөз аяғы -
Тілімізді қадірлейік, сындырмай сақ
Қор болмасын Алла берген тіл менен жақ!!!

Өкінішке орай, авторын білмеймін. Осы өлеңнің негізгі түп мазмұнын барлық қазақ халқы ұғынса ғой деймін.

 

Оцените пост

19