Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
07:33, 13 декабря 2011

АНА арың, БАЛА бағың! ...qogam.kz

Шақалақ  өзiне келе жатқан қауiптi сезгендей жиырыла жөнелді. Кішкене ғана тәні бар болғанымен, оның да өзге нарестелердей жаны бар емес пе? Бір кемшілігі-жарық дүниеге келмегені болар. Адам баласына ана құрсағындағы жаны бар шарананы кесiп алып тастауға қайдан ғана батылдық бітеді десеңізші? Жаратқан адам баласын жалғассыз етіп жаратса, өмір әлдеқалай баяғыда аяқталу керек еді.

Тәңіріміз кеудемізге жан бітіріп қана қоймай, ұрпақ жалғасын да сыйлады. Дегенмен бүгінгі таңда ақжаулықтыларымыздың көбі аналық махаббаттың не екенін ұғына алмай, бедеулікке бас ұрып жатса , енді бірі  тағдырының тауқыметін өздері жасауда. Бүгінгі таңда елімізде жыл сайын 200-мыңға жуық жасанды түсік жасалуда. Жасатушыларымыз барған сайын жасарып, мектеп оқушылары арасынан да табылып жатыр. Мұндай әрекетке 15-16 жастағы қыз балалар барса, бүгінде 13-14 жастағы қыздарымыз да құр қалар емес. Арасында қазағымыздың қаракөздері де барын жасырмаймыз. Бір рет  жасанды түсік жасатқан қыз ендігәрі бала сүйетіні екіталай. Басындағы бағын өз қолдарымен буындырып, екінші рет құрсағына бала бітпестей еткендеріне кім кінәлі? Бойжеткендеріміздің бойынан жеңілтектік табылмаса, бозбалаларымыз салғырттық таныта ма? Неде болса іс тығырыққа тірелгенде төбе көрсетпей кететін жас жігіттеріміздің де жатырынан жазықсыз жанды алдырып жатқан аруларымыздан күнәсі кем емес. Қазақ ұғымына жасанды түсік жат болғанымен қоғамымыз оны қалыпты жағдайға айналдырып алғандай. Бүгінгі бойжеткен- болашақ ана! Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен әлемді тербеткен асылдарымыздың мұндай қателіктерге бой ұрып, сорлап қалуы жаныңды жегідей жейді. Сондықтан да барша әйелзат қауымына айтарым, жарқын болашағымыз бен ұрпақ жалғасы сіздердің қолдарыңызда. Әр баланың өзімен келетін нәсіп-несібесін тиып, о дүниеге аттандырып жатуымыз қалай? Ең әуелі әр адамның өмір сүруге құқығы бар екенін ескере отырып, кішкентай нәрестелеріміз үшін шешім жасауға асығыс танытпайық.

АЙДАНА УСЕНБАЙ

1
761
3