Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:40, 20 декабря 2011

Өз кәсібін сүйетін тұлға - Қайырбек Мұқышев

Өз кәсібін сүйетін және өмірдегі қиындықтарға қарамастан тек жаңа туындыларды дүниеге келтіруді қажетсінетін адамдардың Сіздің өміріңізде де бар екендігіне күмәнім жоқ.

Мен үшін осындай адам - Мұқышев Қайырбек Қожахметұлы. 76 жасқа келген Қайырбек ата 54 жыл бойы өмірдің қас-қағым сәттерін мәңгілікке сақтап қалумен айналысады. Ол - фотограф! Атамызбен сұхбаттасуға барған кезде өзім үшін маңызды қорытындылар жасадым.

Blog post image

Ешқандай қиындыққа қарамай, өзінің сүйікті ісіңмен айналысу. Қайырбек ата "Астана күні" мейрамы алдында асығып жүріп, үйіндегі жуынатын жерде сүрініп құлап, қолын кесіп алған. Жедел медициналық көмек келгенше қолының 70 пайыз қанынан айырылып қалған. Азиада ойындарында денсаулығы нашарлап, көздері сыр беріп, нашар көреді.

Blog post image

Жүректі ауыртатын мәселе бұл емес, ол атамыздың әлі күнге шейін жатақхананың кішкентай бөлмесінде тұратындығы ішкі дүниемде наразылық туғызды. Жарты ғасырдан астам сүйікті кәсібімен айналысып жүрген Қайырбек Қожахметұлының еңбегінің бағаланбай қалғанына, денсаулығының ауыр жағдайда екендігіне қарамастан жеті жастағы балаша шауып жүріп, өз ісімен айналысып жүр.

Blog post image

Осыған қарамастан  еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған Қайырбек Мұқышев атамыз фотокөрмесін ұйымдастырып отыр.

Көрме 21 желтоқсан сағат 14:00-де Астана қ, Күйші Дина көшесі 30/2, «Талант-Шоу» ғимаратында өтеді.

Фотокөрмеде қойылатын кейбір суреттерді назарларыңызға салғым келіп тұр.

Blog post image

Blog post imageBlog post imageBlog post image

Blog post image

 
0
962
4