Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:43, 13 декабря 2011

Мемлекеттік тіл

 

  «Мемлекеттік тіл – менің тілім»...

 

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ,  Химия және химиялық технология факультетінің ұйымдастыруымен, химия факультетінің  үлкен залында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ұлттық – мәдени орталық өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Қазақстан  заман» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз; «Тұран дуниясы» бірлестігінің жетекшісі, республикалық ұйғыр этномәдени орталығы, қоғамдармен байланысы бөлімінің төрағасы Махпиров Крлин; Қазақстан халықтары ассамблеясы, Ингуш-шешен этномәдени орталығы, жастар комитетінің төрағасы Бойсаев Адам; Қазақстан халықтары ассамблеясы, «АХСКА»       Түрік этномәдени орталығы,  жастар комитетінің төрағасының орынбасары Мелазов Мансур қатарлы құрметті қонақтармен бірге, факультет деканы, оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты.

   Өз кезегінде сөз алған «Қазақстан  заман» ЖШС бас директоры Ахмет Аляз мырза, бүгінгі мемлекеттік тілдің жәй-күйіне кеңінен тоқталып, мемлекеттік тілді қолдау бағытында атқарып жүрген жұмыстарымен студенттерді хабардар етті.

   Кездесуде сөз сөйлеген қонақтарда, мемлекеттік тілдің мәртебесінің күннен-күнге биіктеп келе жатқанын тілге тиек етіп, осындай кездесулердің маңызы зор екенін, мемлекеттік тілге құрметті әр азамат өз басынан бастау керектігін шегеледі.. Кездесу барысында студенттер қонақтарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кездесуден зор әсер алған студенттерде, қазір барлық жағдайда тілімізді шұбарлап сөйлейтінімзді байқадық, қонақтар ана тілімзге құрметті қалай көрсету керек екенін ұғындырды деп жатты.

0
411
0