Эль классикның қызығы....

Мамытов Сержан 2011 M12 11
507
0
0
0

Эль классико

Ағымдағы айдың 11-ші жұлдызына ауған түні футболдан Испания примерасының ең үздік клубтары Барселона және Реал Мадрид клубтары арасында мәртебесіне қарай "Эль Классико" деп аталып кеткен келесі доп додасы ойналды. Бұл примераның 15 тур ойыны болатын. Осы турға дейін Барса (Барселона) "Корольдік клубтан" (Реал Мадрид) үш ұпай қалып келетін. Барса ұстазы Гвардиола осы ойынға сеніп отырған болар, өзі қалаған үш ұпайды еншілеп кетті.

Ойынның 1 минутында ақ Бензема есеп ашты. Бірақ, барса үкілеген ойыншылар еш қобалжусыз ойынды теңестіріп, тіпті есепті 1:3 нәтижесіне дейін жеткізді. Санчес, Хави және Фабрегас көзге түсті. Ең қызықты жайт, осы ойын ағымдағы жылғы әлемнің үздік ойыншысы номинациясына іліккен үш ойыншы (Роналду, Месси және Хави) арасында осы номинацияға кімнің лайықты екенін шешу үшін маңызға ие болатын. Осы ойында Роналду еш көзге түсе алмай, өзінің номинацияны алуға деген мүмкіндігін азайтып алды. Ал, Месси мен Хави өз бабында!

 

Оцените пост

0
Дальше