Бүгін Елбасының қатысуымен телекөпір өтеді Қазақтың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бұл экономиканы басқарудың жаңа жүйесі. Бүгін Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан...

 
 
Қазақтың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бұл экономиканы басқарудың жаңа жүйесі. Бүгін Елордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен төртінші жалпыұлттық телекөпір өтеді. «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз» атты телекөпірде еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қаласының әкімдері өңірлердің өрісін кеңейтуді көздейтін жаңа өндіріс орындарын тікелей он-лайн жүйесінде таныстырады.
Яғни, ел экономикасын еселеуге бағытталған серпінді жобалар бір мезетте іске қосылады. Сондай-ақ, шара аясында «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының лауреаттары марапатталады. Еліміздің 16 өңірімен байланыстыратын телевизиялық жүйені «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жүргізеді.

Оцените пост

0
Дальше