Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
23:13, 07 декабря 2011

Ең қастерліміз Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз, ең қастерліміз. Кеңес заманынан еншілеп алған тоталитарлық жүйе толығымен жаңғырып, егемен ел өз деңгейіне жетті. Заңдарымыз қабылданды. Зайырлы мемлекетігіміздің белгісі бұл!сурет hameleons.com сайтынан алынды

Барлық мемлекеттік мекемелер қалыптасты, олар ел болашағы үшін еңбек етуде. Күштік құрылымдардың қуаты басым. Шекерамыз шегенделді. Халықаралық саяси аренада өзіндік дауысы зорайып келе жатқан Қазақстанды жаһан елдері де мойындап келеді. Осы жетістік - бәріміздің еңбегіміздің жемісі.

Ынтымақтастық, бауырмалдық секілді қазақ халқына тән қонақжайлылық бейбітшілікке бастап, ел ішінде тыныштық ұялатты. Басты жетістіктің бірі ретінде осыны айтуымыз керек.

Алыс-жақыннан ағайындарымызды атамекенге шақырдық, ортамыздан орын бердік. Санымыз өсіп, санамызда ұлт рухты сезінуде серпіліс бар.

«Бөлінгенді бөрі жейді» дейді дана халқымыз. Ендеше ұлтымыз алауыздықтан алыс болсын деп тілейік. Өзге ұлттар Қазақстанды - ортақ үйіміз деп таниды. Осы азаматтармен қоян-қолтық бірігіп, қиыншылықтарды, асуларды бірге еңсерейік!

Отаршылықтың зардабы әлі арылмаған біздің қоғамнан. Бодандық сананың сарқыншағы бауырларымыздың бойында бар әлі. Ғасырлар бойы дендеп кеткен осы кемшіліктерден арылуға уақыт керек. Ендеше арамызда жүрген ағайынды, бауырларымызды шеттетпейік. Бауырымызға тартайық. Бағалай білелік оларды ағайын!

Тәуелсіздің 20 жылдық меретойы құтты болсын! Тұғырлы болсын дербестігіміз!

2
718
0