Рухымызды көтерген кездесу

Aisulu-Mustafaeva 2011 M12 5
626
0
0
0

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті электрондық журналистика бөлімінің студенттері «Республика» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушинамен кездесті...

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті электрондық журналистика бөлімінің студенттері «Республика» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушинамен кездесті.
«Республика»-Қазақстандағы оппозициялық басылым. Танымал журналист Оксана Макушина газеттің басты ерекшеліктеріне тоқталды. Журналистің тақырып, кейіпкер іздеудегі ерекшеліктері, нысан табу, ақпарат алмасудағы мүмкіндіктері турасында ойларымен бөлісті. Еліміздегі бұл басылымның жарыққа шыққанына 12 жыл

болған. «Республика» газетінің басқа басылымдардан ерекшелігі ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге Ресей, Түркия мемлекеттеріне де тарайды.

Сонымен қатар, Оксана Макушина журналистік қызметтің қауіпті және қауіпсіз жақтарын да айтып берді.

«Журналист ешуақытта жалған ақпарат таратпауы керек. Оның барлық дерегі дәйекке құрылуы керек. Журналист үшін шындық- бірінші талап»,-деп түйді Оксана Макушина.

Оцените пост

0