Агентомания....qogam.kz

Айдана Усенбай 2011 M12 2
1889
11
3
0

Аурудың түр-түрі бар зерттелмеген. Солардың бірі бүгін «агент» деген. Қаймағы қара көздің таусылса да, Молодежь клавишаға дем бермеген. Бірі жүр виртуалды любовь болып, Кірмесе бір күн мирге көңілі...

Аурудың түр-түрі бар зерттелмеген.

Солардың бірі бүгін «агент» деген.

Қаймағы қара көздің таусылса да,

Молодежь клавишаға дем бермеген.

Бірі жүр виртуалды любовь болып,

Кірмесе бір күн мирге көңілі солып.

Екіншісі таңды атқызып,күн батырар.

Әңгіменің  сойылын сөзбен соғып…..

-деп мақаламды өлеңмен бастауды жөн көрдім. Ауру деп отырғанымыз қай ауру дерсіз? Әрине ғылыммен дәлелденіп, медицина мамандары бекітіп бермегені болмаса,бүгінгі таңда жастарымыз агентпен сөзсіз  ауырады. Жастар түгіл, жасы жеткеннің де жарасы жеңіл емес. Бір сөзбен айтқанда қоғамымызда виртуалды өмір сүретіндердің қарасы көбеюде. «Заманына қарай заңы» демекші, бұл байланыс түрінің тиімді екеніне ешкім дау тудыра қоймас.Дегенмен күндіз-түні монитордың алдын алып, көз қарасын талдырумен қатар, адам зат баласы бір нәрсенің қадірін ұғынудан қалды .Ол-уақыт. Сағат тілімен сенделіп келе жатқан секунттар мен минуттар зымырайды да тұрады. Ал біз болсақ бұл өмірде көп нәрсені жасап үлгеруге тырысамыз. Демек өшпегенде өлместей көрінетін жанымыз өлшеніп берілген уақытын заяр кетіріп, түкке тұрғысыз іспен айналысатыны қалай? Көздің соры аталған компьютеріміз бен смс-тің ұясына айналған ұялы телефондарымыздың адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін көпіртіп көксегенмен, оны елейтін жан жоқ. Техникалық дәуір адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Көбіміз қажетімізге жаратып қана қоймай, агентті екінші үйіміздей көретін болдық. Ал компьютер атты қорапшамыздан шығатын электромагниттік сәулелеріміз өз жұмысын үздіксіз атқаруда. Кешке дейін жасанды әлеміне телміріп отырған жастарымыздың жанарын монитор жейді десек, пернетақта одан әрі қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етіп, нәтижесінде жүйке ауруына әкеледі. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «бес саусақ-бір емес» демекші, бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай, пайдалы  іспен айланысып, бейтаныс жанмен хат алысқанша жақындарыңмен  жиылып жүздескеніңе не жетсін?!

 

Оцените пост

3

Комментарии

1
әй бәрекелді, әрине уақытты ешкім жеңе алмаған, а жоқ уақытты тек уақыт женген!.)
0
Жарайсың жаным!!!Толыктай келисемин!
1
Толықтай келискенинди каитем))кешке деин агентте отырасын өзін)))
0
сәттілік тілеп тұрып өміріне
көтеріңкі күй сыйлап көңіліне
сәлемімді жібердім шың ниетпен
ең бақытты адамннын логинине
0
)))неге мени ен бакытты деп санайсыз?)))
Показать комментарии