Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
02:35, 05 декабря 2011

Ағылшын тілін үйренеміз! - 2

Сәлем!

Ағылшын тілімен танысуды жалғастырамыз. Енді өткен шақ туралы айтсақ, ағылшын тілінде оны -ed деген жалғаумен білдіреді. Мысалы: showed, performed, agreed. Ал қазақ тіліне қарасақ соған ұқсас сөз тіркесі бартұғын: көрсетіп еді, жасап еді, келісіп еді. Осы мысал қазақ пен ағылшын тілдерінің туыстығын жақсы көрсетіп тұр. Қазақ аталарымыздың әр жерде туысқанын іздегені бекер емес шығар сірә. Енді сіз ағылшын тілінде сөзді өткен шағымен айтар кезінде оны қазақи әдіспен еді дегенді еске алсаңыз, кез келген сөздің қалай болатынын білесіз. Әрине, ағылшын тілінде ерекше сөздер бар, осы әдіске жатпайтын. Олар жайлы бөлек әңгімелесу керек. Сонымен қатар ағылшын тілінде өткен шақ басқа да түрімен белгіленеді:

it has(had) been shown, it was shown

Бұл түрі де қазақ тілінде бар, тек оны келесі жолы жазамын. Ал енді сөздердің ұқсастығына назар аударыңыз:

Base - Басы (басты, негізгі). Егер ағылшындар basic idea десе, қазақша онысы басты ой деп айтылады.

Sorry - Соры (өкініш). Өзін айыпты болып сезінгенде олар I am sorry деп белгілейді. Онысы - мен сорлы болдым дегеніне келеді.

King - Әкең (патша, хан, тақсыр). Халыққа таныстырған кезде "бұл сенің әкең" деп айтқан болар. Содан king болып ел аузында қалды.

Yes - Ес (ия). Естідім, еске сақтадым. Ал егер Көк түрік аталарымыз бұйрық ия тапсырма берген кезде, орындаушы сол тапсырманы қабылдаған кезде иесі мен деп жауап қайырған болар.

Tongue - Таңдай (тіл). Таң қалды, таңдай қақты дегендей - өз ара ұқсас сөздер. Әсіресе "тіс" деген сөздің ұқсастығын қарасақ.

Aura - Ауру (аура). Адамның аурасы мен ауруының өз ара тікілей қатысы барын осы күні бәрі біледі.

Busy - Бұзу (қол тимегенде). Аталарымыз бірдеңені бұзып жатқанда, оның қолы тимей жатыр деген тәрізді болып тұр ғой.

Mortal - Мерт болды (өлімге қатысты). Осы екі сөздің бір біріне ұқсастығы тіпті жақын.

Belt - Белдік (белді бау). Тіптен өзгермеген сөз, десек те болады.

Teeth - Тіс (тіс). Алдыңғы тістері түсіп қалған кетік адам тіс десе тұра ағылшынша естіледі.

Show - Шу (көрсетілім, қойылым). Осы жерде апамның "шуламаңдар!" деп айқайлаған даусы еске түседі. Көне заманда да шулап жатқандарды Шу деген ғой.

Sex - қазақша сөзін жазбаймын, деген мен өте ұқсас.

In - Ін (үңгір). Тіптен ұқсас. Тағы қазақша Ен деген сөз бар, олда келеді бұл жерде.

 

Және ағылшын тіліндегі сөйлемнің құрастыруы алғашқыда түсінуге қиын келеді. Оның осындай мысалын келтірейін. "Кет ары бұл жерден!" деген сөз ағылшын тілінде осылай болады: "Get out of here!". Егер бұл сөйлемді тез айтсаңыз тіптен қазақи естіледі. Енді осы ойымызды жалғастырсақ, онда бұл сөзді естіген көне ағылшындар оны өздерінше былай талдаған ғой:

Кет - Get

ары - out

бұл - of

жерден! - here!

Тек күлмеңіз, бірақ қазақша сіз "Кет ит!" деп айтсаңыз - онысы ағылшынша "Get it!" деп естіледі. Аталарымыз итке сүйек тастап солай айтқанда, көне ағылшындар оны "ұста мынаны" деп түсінген ғой. Сонда Ары деген сөз Out болып енген деуге болады. Мағынасы да ұқсас.

1
1325
0