Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:15, 22 ноября 2011

Фото-бейне тіркеу жүйесімен белгіленген ЖЖЕсі бұзылғаны туралы ақпарат алыңыз

Blog post image

Құрметті «Электрондық үкімет» пайдаланушылары!

Сіз, бұдан былай фото-бейне белгілеу жүйесімен тіркелген жол жүру ережесінің бұзылғаны туралы ақпарат ала аласыз!

Бүгінгі күні, Сіз ірі қалаларда Қазақстан жолдарындағы жылдамдықөлшегішпен белгіленген ЖЖЕ бұзу туралы ақпаратқа сұраным жасай отырып, көре аласыз. Қазіргі кезде ереже бұзушылықты қарау сервисін келесі қалалардың тұрғындары қолдана алады: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Орал, Қостанай, Семей, Қарағанды, Тараз. Қосымша, ағымдағы жылы Петропавл және Павлодар қалаларын қосу жоспарлануда. Кейінірек бұл қалалардың тізімі облыстық ЖПБ-дың фото-бейне арқылы ереже бұзушылықты тіркеу жүйесіне қосылу мүмкіндіктері бойынша үлкейеді.

 

Автоматты жылдамдық өлшегіштермен белгіленген ереже бұзушылықты қарау үшін, Сізге көлік құралыңыздың, техникалық төлқұжат нөмірін көрсетіп, берілген тізімнен ереже бұзушылық орын алған қаланы таңдау қажет.

«Электрондық үкімет» порталында автокөлік иелеріне фото-бейне тіркеуіндегі ереже бұзушылық туралы ақпаратты қарау және басып шығару мүмкіндігі ұсынылған. Осы ереже бұзушылыққа аталған айыппұлды төлеу үшін портал пайдаланушылары 2011 жылдың желтоқсанында мүмкіндік алады.

Бұған қоса, Портал пайдаланушыларының ереже бұзушылық орын алған жерде ЖПБ қызметкерімен тіркелген (хаттама бойынша) ЖЖЕ бұзылғанын қарап, төлем жасай алады.

0
407
0