Астаналықтар коммуналдық қызметтерді e-gov-та төлей алады

Веб-портал www.egov.kz 2011 M11 22
317
0
0
0

Астаналықтар коммуналдық қызметтерді «электронды үкімет» порталында төлей алады. Оны іске асыру жолдарын баспасөз мәслихатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан...

Астаналықтар коммуналдық қызметтерді «электронды үкімет» порталында төлей алады. Оны іске асыру жолдарын баспасөз мәслихатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Енсенбаев әңгімелеп берді.

«Біз бүгін «Астана-ЕРЦ» компаниясы арқылы жаңа қызметтердің іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Әзірге бұл Астана шеңберінде ғана әрекет етуде. Келесі жылдың басында Алматыда, одан кейін Қазақстанның барлық қалалары бойынша коммуналдық қызметтерді осындай жолмен төлеуге болады», - деп хабарлады  Р. Енсенбаев.

Коммуналдық қызметтерді интернет арқылы қалай төлеуге болатыны сол жерде журналистерге көрсетілді. Қарызды қарап шығып, қажетті төлемді енгізуге 5 минут уақыт жеткілікті.  

«Қазірдің өзінде 161 мың теңгенің коммуналдық қызметі төленді, 31 төлем жасалды. Осы қызметтің түрі кеңінен таралады деп күтіп отырмыз. Үйден шықпай, пайдалануға болатын өте қарапайым тәсіл», - дейді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы.  

Р. Енсенбаевтың сөзіне қарағанда, порталдың дизайні әр жарты жыл сайын жаңартылады деп жоспарлануда.

Оцените пост

0