«Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген А. Байтұрсынұлының сөзін бұрмалаған заман да өтті.

asia1 2011 M11 28
4987
1
24
0

Мен неге ұлтты сүйемін? Жаным ұлтшыл болып, қазақты басқа ұлттан жоғары санаудан ба? «Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген А. Байтұрсынұлының сөзін бұрмалаған заман да өтті. Дегенмен, ауру кетсе...

Мен неге ұлтты сүйемін? Жаным ұлтшыл болып, қазақты басқа ұлттан жоғары санаудан ба? «Ұлтшылдық дегеніміз – ұлтын сүю» деген А. Байтұрсынұлының сөзін бұрмалаған заман да өтті. Дегенмен, ауру кетсе де, әдет қалады. Кеңестік жүйе кезінде еліміз орыстардың боданы болды, ашық пікір айта алмай, қыспақта күн көрдік.  Ұлт мәселесі толғандырған, халқының болашағын ойлайтын талай азаматтарымызға, зиялыларымызға «ұлтшыл» (нацист) деген айып тағылды. Жылдар өтті, тәуелсіз елміз деп өзімізді жарияладық, әлемдік сахнаға демократиялы ел болып шықтық. Кеңес үкіметінің ұлттық идеяны ұстанушыларды жау санау дертінен, «ұлттар лабораториясы» идеологиясынан 20 жыл болды арылған түріміз жоқ. Әлі де болса, «ұлтым, қайран елім» деп шыққан азаматтарымызға сақтықпен қарап, Мұхтар Шаханов секілді ағаларымызды халықтық сайқымазақ болып та жасап жібердік.

Идеологиялық вакуумнан арылған қазақ қоғамы ашық мұхитқа шыққан қайық секілді болды. Сескенді, жасқанды. Үлкен ағасы шешіп берген мәселелерге тап болды. Өзі басын көтере алмайтынын түсініп, артқа қарады, шегінді. Уланған сана тәуелсіздігімізді алғанда жаңғырық болып естілді. Алла Пугачева өлеңдерімен өскен, орыс өкіметіне жағымпаздану әдеті қанына сіңіп кеткен шенеуніктеріміз ұлтты қалай сүюді ұмытқан жоқ, сүйіспеншілік, махаббат сезімінен арылған, адамдық, гуманистік қасиеттерінен арылған ауруға шалдыққан адамдар. Ішіп-жеу, қолы бостық өмір, коррупция, тамыр-таныстық ойларын баурап алды.

Аллаһ алдында адам баласының бәрі тең. Тең болғанмен, Аллаһ тағала адамдарды ұлтқа бөлді. Ұлтын – сенің басқа адамдардан бірегейлігін. Жүректе иманы бар, ойы ашық, парасатты адам неге ұлтын сүймеске? Ал қазір болса, ойларын ақша, доллар жаулап алмаған адам неге ұлтын сүймеске? Заман өзгерді, заман талаптары да өзгеріске ұшырады. Қарны тоқ, қалтасы жуан бауырларымыз ұлттың керегі не, одан да ұлтты сату өте пайдалы екендігін аңғарып, көрші Ресей мен Беларусьпен елін сатып, сауда жасау анағұрлым зор табыс әкелетінін түсінген болар. Марат Қабанбай «Бұл зиялы қай зиялы?» мақаласында атап кеткен капитализмнің капитандары дәл осы.

Ал мен неге ұлтымды сүйемін? Ғасырлық тарихы бар, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Абай, Мұқағали дүниеге әкелген ұлтымды сүйемін. Үлкенді сыйлаған, шешен, дана ұлтымды сүйемін. Қиындықтарды батылдықпен қарсы алған, болашақтан үмітін үзбеген ұлтымды сүйемін.

Ұлтты сүю – туа біткен қасиет, оған қарсы шығу - өз табиғатына қарсы шығу. Қазіргі қоғамымыздағы өз тілін білмейтін, қазақи діл мен салт-дәстүрлер бойларына сіңбеген мәңгүрттер саясаттың құрбандары болып, рухани мүгедек күйінде қалды. Арасында өзінің кемтарлығын түсінетіні де, түсінбетіні де бар. Түсінгеннен не пайда, өз  халқының қамын жеуге лайықтылары жоқ дерлік. Рухани азғындау, тілге байланысты, діни, саяси т.б. бөлініс жақсылыққа апармайтыны айдай анық. Тығырықтан шығатын жол бар ма? – деп ойлануға шақ келді. Ұлтыңды сүйсең, өзіңді қолына ал. Бос лозунг, өмірге мастықтан аулақ бол. Ұлтыңды тек жүрегіңмен сүйме, ісіңмен шың сүйетіндігіңді дәлелде. Жалған ойлардан, идеялардан санаңды тазарт. Сөзіміз түзелетін мезет келді, енді өзіміз де түзелерміз...

Оцените пост

24

Комментарии

Дальше