Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:57, 18 ноября 2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: 20 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕС

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЖӘНЕ 1999 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

1999 жылдың 10 қаңтарында елімізде Президент сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 % дауыс алған Н.Ә. Назарбаев қайта сайланды. Жалпы 1990 жылдың сәуірінде Елбасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында сайланып, алғаш рет Президенттік институт қалыптасқан болатын. Бірінші сайлау 1991 жылдың 1 желтоқсанында баламасыз түрде өтті. Сондықтан бірінші баламалы, бәсекелестік орнаған сайлау осы жылы өткізілді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы ғасыр тоғысындағы дәуірдің тағы бір сын сәтінде тұрды. Қоғам дамуы мен мемлекет өркендеуінің ең басты мәні де, ең маңызды сипаты да Президентті қалап, таңдауымен тиянақталады. Бұл бір адамға ғана қатысты мәселе бола алмайды, ол әркім өз тағдырын кімнің, қандай саяси қайраткер тұлғаға сенім тапсыруымен тікелей байланысты тұтас елдік таңдау болып табылады. Сол жылы өткен ашық баламалы сайлаудың мәні әрине, асқақ, маңызы зор. Сонымен қатар, пікір алуандығы мен демократияның оң үрдісін орнықтыратын қастерлі қадам. Бұл сайлауға іс басындағы Елбасынан бөлек, Серікболсын Әбділдаұлы Әбділдин, Энгельс Ғаббасұлы Ғаббасов, Ғани Есенкелдіұлы Қасымов қатысты.

0
367
0