Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:35, 17 ноября 2011

Қауіпті махаббат, 31 арнада!!

Түріктердің жаңа мелодрамасында басты рөлді осы елдің ең атақты актері Озджан Дениз сомдайды. «Асмалы қонақтағы» Сеймен мен «Маусым түніндегі» Байрам рөлінен кейін дарынды актер Озджан Дениз түрік телехикаяларын сүйіп көретін миллиондардың жүрегінен орын алды. Алайда, осы фильмдерден кейін, көрермендер оны біршама уақыт телетоптамалардан көре алмады. Бұл жылдар ішінде Озджан музыкамен айналысып, толықметражды фильмдерге түсіп, тіпті өзін режиссер ретінде де сынап көрді.

2009 жылы түріктің дарынды режиссері Андач Хазнедароглу түрік әдебиетінің классикасы «Құс жолы» романы бойынша түсірілетін телехикаяға шақырады. 1989 жылы аталған шығармамен аттас фильм түсірілген болатын. Картинаның ремейкі "Қауіпті махаббат" деп аталады. Телехикаяның сюжеті мен кейбір тұстарына өзгерістер енгізілген. Десе де, жалпы оқиғалар желісі жазушы Керім Нәдірдің романында суреттелген хикаяға негізделген.
Қазір 39 жасар актер Озджан Дениз телехикаяларға сирек түседі, музыкаға баса көңіл бөлуде. Өзінің айтуынша, оқушы кезінен-ақ, таңдауын жасап 13 жасында мектепті тастап, музыкамен айналыса бастаған. 16 жасында Антальяда концерттер қойып, отбасын асырайды. 17 жасында Стамбулға көшіп, одан кейін Мюнхенге жол тартады. Мұнда әнші Йашар Йамурмен танысып, оның көмегімен алғашқы альбомын шығарады. Осыдан кейін, әнші ретінде таныла бастайды және ондаған күйтабақтар шығарады. Түркияның белгілі продюсерлері оның сахнадағы әртістік қабілетін байқаған соң, сериалдарға түсуге шақырады. «Менің махаббатым қырларда серуендейді» атты кинодағы алғашқы жұмысынан кейін жұртшылық талантты актер ретінде ықыласпен қабылдады. 2004 жылы Озджан «Маусым түні» атты фильмге түсу туралы ұсынысты қабыл алады. Ал, Байрамның рөлі оның танымалдылығын еселеп, әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған жанкүйерлері пайда болды. Фильмге түсуге деген ұсыныс актерға жан-жақтан түсе бастады. Алайда, ол көбіне-көп бас тартатын. Озджан әнші ретінде әлемнің бірқатар елдерінде концерт қояды. Ал, 2009 жылы киноға оралып, «Қауіпті махаббат» телехикаясында басты рөлді сомдайды. Бұл аса сәтті жоба болды. Фильм орасан зор табысқа жетіп, көптеген елдерде көрсетілді. Апалы-сіңлілі жандардың балалары Неджат пен Зюляльдің әсерлі де, ыстық сезімге толы оқиғасы тағы да көрерменнің ықыласына бөленді.

14 қарашадан «31 арнада»! «Қауіпті махаббат» телехикаясы!

0
1122
4