Біз неге бәріміз "нервныймыз"?

Nariman Koishibayev 2011 M11 15
1116
1
0
0

Айналамызға қарасақ, күнделікті түрде күйгелектеп, шыж-быж боп, бірдеңеге көңілі толмай, «Том и Джерри» боп жүрген жеті-сегіз жандарды жиі көреміз де жатамыз. Мектептегі мұғалім болсын...

Айналамызға қарасақ, күнделікті түрде күйгелектеп, шыж-быж боп, бірдеңеге көңілі толмай, «Том и Джерри» боп жүрген жеті-сегіз жандарды жиі көреміз де жатамыз. Мектептегі мұғалім болсын, университеттегі группаласыңыз бола ма, жұмысыңыздағы әріптесіңіз, қала берді мекемедегі қызметкер көңілі сыр көтермей, негативті энергетикасымен сіздің де көңілізді түсіріп не болмаса «қап, мынау-ай» дегізері сөзсіз. Мұның сыры неде, қадірменді ағайын? Қатардағы азаматтар бойына «нервотрепканы» ендіріп жатқан қандай күш? Санамалай берсек, сіз бен біз көптеген факторларды бірігіп анықтармыз (мүмкін өз пікірлеріңізбен бөліскенде, халықты «шыж-быж» ететін өзге факторлар жайында жатарсыз). Кішігірім зерттеуіміздің нәтижесі көңіл толтыратындай болу үшін, өзімізше мәселенің белін түйіп, кейс қарастырайық.

Алматының күздігүнгі шуақты күні батарға ауған беймаза кештің уағы. Дүйсен күнделікті жұмысын бітіріп, метроны аңсап, ышы адамға лық толы автобусқа кірген шағы. Кірді дегені арман ғой, (Алматының автобусымен жүріп көрсеңіз, бейне бір миллиард халқы бар Үндістанның не Қытайдың көлігіне мінгендей боласыз), есікке таман бір жерде кептетілді де қалды. Оған қоймай, кондуктор бала айқайға салып: «Аға, орта жағында орын бар ғой, сонда өтіңізсеңізші» - деп қояды. Орта жағында бір адамға жетерлік орын бары бар ғой. Бірақ одан не пайда? Алдыңда сығылысып тұрған келіншекті одан бетер састырып, құшағыңа қысып тұрғандай боласың, сосын артыңа иін тіреп тағы бір бозбала жайғасып тұра қалады.

- Әйтеуір, осындай «позицияға» тұра қаларым анық, деп ойлады Дүйсен. Бірақ, біріншіден, ұят емес пе? Екіншіден мен тұмауратып тұрсам, яки сондағы келіншек не бозбаланың біреуі тұмауратса, бір-бірімізге қандай жақсылық жасағанымыз? Олай болмас.

Осылайша кондуктор баланың қарғысына қалып, Дүйсен орнынан жылжымай тұра берді. Артынан бір әйел кісі мінген екен, ол да ары жылжысай деп «үлкенсіп» ақылын айтып қояды. Бірақ...

- Кондуктор баланың көздегені пайда, әрине. «Мында бір адам тықпаласам, тағы бір адамды автобусқа мінгізуге мүмкіндік бар» деп ойлайды ғой ол. Әйелдің сөзі ақыл шығар, бірақ мен төлеген 50 теңгені ол да төлейді, пройызнойы жоқ болса, осындағының барлығы төлейді. Бірақ біреудің-біреуден артықшылығы неде? Отырған адам өз орнына 100 теңге төлеп, тұрып тұрса да, қысылмай тұрғаны 70 теңге төлеп, мен үнемдегенім үшін осылай жағымды «удобствомсыз» қысылып тұрсам, өкпем жоқ болар еді ғой. Алайда, бәрімен тең төлеп, мен дискриминацияға ұшырап тұрғаным мазалайды мені.

Осыны оқып отырған біреу айтуы мүмкін: «ойпырмай, мынаның жазғаны несі? Автобуста тұрып тұрғаны деген «пустяк» әңгіме ғой» деп. Өкініштісі, біздің өмірде сол автобуста осындай «кемсітушілікке» ұшырағанымыз біздің ұғымымызда «пустякка» айналып кетті. Ал ол болмау керек еді. Себебі, 50 теңге болса да, оның қайыры бар. Неліктен, біреу соның рақатын көреді де, ал біреу толыққанды деңгейде көре алмайды? Беш тиынға тұратын осындай оқиға - неліктен біз алмағайып пайданың немесе төлемдердің рақатын көре алмай жүргенімізді түсіндіреді.

Дүйсеннің әңгімесі әлі аяқталған жоқ еді. Онсыз да лық боп бастапқы аялдамадан шыққан автобус жолай түрлі аялдамалардан «конечныйға» дейін баруға ниеттенген жолаушыларды алып кете барды. Көлік ішіндегі Дүйсен мен өзгелердің «комфорт зонасы» мен «жеке кеңістігі» тарыла берді, тарыла берді...

- Негізінен, қазақ деген кең халықпыз, - деп ойын бастады Дүйсен алыстан. Комфорт, яки жайлылық, жеке кеңістігім деген мәселелерге көп назар аудара бермейміз. Жайлауды құлашты кең жайып, жазира далада иықты ешкіммен тіреп сығылысқан халық емес едік қой. Жер бәріне жететін...

Әсте сол уақытта қазақ «private space» (жеке кеңістік) дегенді қайдан ұғынсын. Дегенмен, тығырыққа тіреліп, мекендері мен қалаларына сыймай жүрген Батыс өркениеттілері айналасының кеңдігіне жіті мән беретін. Және оның бұзылмауын ары санап, қатты қорғаштанатын. Асылы, англо-саксондық, американдық жұрттар сөйлескенде қашықтық сақтау, эмоцияналдыққа, әсіресе жестикуляцияға, төс қағысу, қолмен амандасу жиіліктеріне көп мән бере бастады.

- Мұның сыры неде? Кеңістік аз. Өз демалатын ауаң мен жайлы көңіліңді өзің бағуың керексің. Қажет пе талап етуің керексің. Өйткені бұл менің комфорт зонам. Ал ана кондукторда менде шаруасы болмасын. Керек пе, сол ортадағы бос орынға өзі кеп тұрып алсын. Маған келіп-кетері қандай?! Ыңғайлы жерде тұрмын ба, тұрмын. Осыған тәубе.

Былай қарағанда қарапайым Алматы тұрғынының қарапайым хикаятында көп мән, және үйренерлік нәрсе жатыр. Бір қарағанда, біреу айтуы мүмкін, біздің әңгімелеп отырған кейіпкер менмен адам, тәкаппар деп. Бірақ, шындығында, ол мүлдем керісінше мысал етіп үйренуге тұрарлық адам. Себебі ол өз заңды құқығын жүзеге асырып жатыр, өз қалағанын заңды түрде талап етіп жатыр. Мұны бостандық, тәуелсіз көзқарас деп атайды. Шындап қарасақ, автобуста ешкімнің «мен мұнда тұрам» деген сатып алған орыны жоқ. Автобус персоналының шарты - жолаушыларды аман-есен, маршрутпен көрсетілген жеріне жеткізу. Қайда орналасасың деп жөн сілтеу емес. Жолаушы амандығы үшін, автобус толып кетпес үшін көшеде күтіп тұрған адамды да алмай кетуге болады. Басқа ұқсас ситуацияны алып қарасақ, мінгізу керек деп ұшақты не кемені адамға лық толтырмайсыз ғой. Себебі апат боларын топшалайсыз ондай жағдайда. Сонда неліктен қарапайым автобусқа келгенде миымыздың осылай «тормозы» ұстап қалады? Бұл, қызық, әрине.

Посттың басында айтылған сұраққа тікесінен жауап қайтарсақ, бүгінді «современный» заманда халықтың жүйкесін тоздырып жүрген жоғарыда әңгіме болған жеке кеңістік болатындай. Жүгіріп жүріп қалаға қалай тап болғанымызды байқамай қаламыз, оның шектейтін күштері бар адамға әсер ететін. Қалада біз қораптың ішіндеміз. Табиғат емес кең жайылған. Табиғатты елестетіңізші, көңіліңіздің өзі кеңейіп кетеді, солай емес пе? Ал қаланы елестетсек, ұнжырғамызды төмен түсіретін бірдеме бар. Сол бірдемеміз комфорт зонасының қысылуы.

Былайша жобалап пайымдасақ, 60-70 % қарапайым халық күнін автобусқа мініп, қалаған жеріне қатынаудан бастайды. Онда әсер етуші факторлар:

1) Құжынаған адам,

2) Ароматерапия + сауна (жазда да, қыста да)

3) Картоп тасығандай қозғалатын автобус

Қарапайым санамаққа жүгінсек, осы үшеуі сізді шектейді. Оған қоса физикалық фактор ретінде бір гәп бар. Менің өзіме де қызық нәрсе ол...

«Мысалы автобус орташа есеппен 50-60 км/сағатына жылдамдықпен жүреді. Оның ішінде біз тұрамыз. Қозғалыссыз. Жылдамдығымыз 0-0,1 км/сағатына әрі кетсе, инерция үшін. Бірақ та денеміз кеңістікте орын ауыстырып келеді ғой. Интересно сол сәтте ағзамыз қандай күйде болады екен? Шок? Таңқалыс? Сознательно біз білеміз, автобуспен баратын жерімізді. Көзбен көрген соң, мимен ұғынған соң. Бірақ өзге дене бөліктері ше? Мысалы, жүйке жүйесі. Әрине олар түк те білмейді. Сосын ақау болады»

Осылайша, фактілерді тізіп, оқып, өзіңіз айналамыз неге «нервный» екенін ұғынған шығарсыз. Енді не қалды? Бәріміз, осы жағдай сол орнында қала ма, әлде шипасы бар ма деген сауал сіздерді мазалайтын шығар.

Менің ойымша, бар. Ол шипа - кейіпкеріміз Дүйсеннің ой түйінінде жатыр. Өз жеке кеңістігімізді қорғау білуіміз керек. Не жақсы, не жаман екенін өзімізге - шешетін өзіміз, сондықтан тіліміз бар, айналадағыларға айтуымыз керек: «Жоқ, мен олай істемеймін, өйткені мен де жеке адаммын, тұлғамын, өзімнің талап ете алатын мүдделерім бар». Құдай-ау, бізде демократия ғой! Енді неге соның жемістерін пайдаланбасқа?

Комфорт зонаңызды қорғай біліңіз, құрметті блог оқырманы.

Нариман Қойшыбаев - «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының редакторы, КИМЭП 4-курс студенті. Қызығушылықтары: мәдениетаралық туризм, психология, маркетинг, адам және қоғам, коммуникация теориялары

Оцените пост

0

Комментарии

Показать комментарии