Петропавл сотында алғаш рет «е-үкімет» арқылы келіп түскен арыз-шағым қаралды

Веб-портал www.egov.kz 2011 M11 15
425
0
0
0

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпаратында ағымдағы жылдың 22 қазан айында №2 қалалық сотқа электрондық шағым келіп түскені айтылған. Алайда сот бұл порталда шағымданушы өтінішінде...

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпаратында ағымдағы жылдың 22 қазан айында №2 қалалық сотқа электрондық шағым келіп түскені айтылған. Алайда сот бұл порталда шағымданушы өтінішінде мемлекеттік баж салығын төленгенін растайтын хабарлама болмауына байланысты істі қарамау туралы шешім шығарған.

Көрсетілген іс бойынша барлық процессуалдық құжаттар судьяның электрондық мөрімен расталып, шағымданушының «жеке кабинетіне» жіберілді. Шағымданушы сот белгілеген мерзім ішінде барлық кемшіліктерді жойған соң іс өндіріске алынған.

Петропавл №2 соты төрағасы Нүрия Молдыбаева журналистермен кездесуде электрондық түрде сотқа шағымдану ережесімен таныстырды. Айта кетерлігі, кей санаттағы адамдар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған. Бұл ақпаратты шағым түсірерде сайттан табуға болады. Шағым беруші хаттамаға өзінің ескертулерін де қосуына мүмкіндігі бар.

Н.Молдыбаеваның пікірінше азаматтық шағымдардың арасында жиі кездесетін мәселелер - облыс аумағында коммуналдық баспана құрылысының қарқынды жүргізілуіне байланысты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың коммуналдық (жалға беру) баспана беру тәртібі мен пәтер кезегінен алып тастауға қатысты шығарған шешімдерімен келіспеушіліктер.

Сонымен қатар, сотта пәтер иелері кооперативі аталған кооператив мүшелерінен ортақ мүлікті қалыпта ұстау үшін жұмсалған қаржыны өндіріп алуға қатысты істер де жатыр. Ал пәтер иелері болса кооператив төрағасы шағымымен келіспей, оның тиісті міндеттерді талапқа сай орындамағанын алға тартып отыр.

Оцените пост

0
Дальше