350-ден астам адам "электрондық үкіметінің" акциясына қатысып, сыйлықтарға ие болды!

Веб-портал www.egov.kz November 15, 2011
314
0
0
0

Достар, egov.kz порталының белсенді пайдаланушылары! "8 анықтама алып кел де, сыйлық ал" акциясы 2011 жылдың 14 қарашасына дейін өтетінін естеріңізге саламыз! Акция шарты қарапайым: «электрондық...

Достар, egov.kz порталының белсенді пайдаланушылары! "8 анықтама алып кел де, сыйлық ал" акциясы 2011 жылдың 14 қарашасына дейін өтетінін естеріңізге саламыз!

Акция шарты қарапайым: «электрондық үкімет» шоу-румына 8 анықтама немесе www.egov.kz порталында алған түбіртектерді алып келген әрбір кісіге жүлде бар!

*  8 анықтама бір кісіге алынуы қажет.

«Электрондық үкімет» шоу-румдары Қазақстанның төрт қаласында (Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе қалалары) шілде айынан бастап MEGA сауда, ойын-сауық орталықтарында ашылған  .

Онда келушілер порталда тіркеліп, электронды-цифрлық қол таңбаға ие бола алады, қажет болса керек анықтаманы да алу мүмкіндігі бар. Шоу-рум мамандары кеңес беріп, «электрондық үкімет» порталымен таныстырады.

«Электрондық үкімет» порталында мемлекеттік органдардың қызметтері қол жетімді, бұдан басқа портал арқылы салық және өзге де міндетті төлемдер, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу мүмкіндігі бар.

«Электрондық үкімет» шоу-румдары күнделікті сағат 10.00 ден 22.00 дейін түскі асқа үзіліссіз жұмыс істейді.

Барлық сұрақтар бойынша тәуілік бойындағы 14 14 тегін анықтамалық қызметіне телефон соғуға болады.

Оцените пост

0