Жастар мүмкіндігі жаңа деңгейде

Zhas_Bolashak November 9, 2011
1052
0
1
0

Өткен аптада еліміздің оңтүстіктегі және солтүстіктегі астанасында жастардың саясатқа араласу мүмкіндігіне жаңа серпіліс пен даму әкелген оқиғалар болып өтті. Дүйсенбіде Алматыда ҚР премьер...

Өткен аптада еліміздің оңтүстіктегі және солтүстіктегі астанасында жастардың саясатқа араласу мүмкіндігіне жаңа серпіліс пен даму әкелген оқиғалар болып өтті. Дүйсенбіде Алматыда ҚР премьер -министрінің канцеляриі Г.Абдрахимовтың төрағалық етуімен ҚР жастар саясатының кеңесінің жиналысы өтті. Сәрсенбіде «Жас депутаттардың ассоциациясы» деп аталатын жаңа жобаның тұсаукесері, ал жұмада ҚР депутаттарының қатысуымен «Жастар және саясат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Республикамыздағы жаңа жастар саясатының  негізгі қалыптасуына байланысты негізгі  мәселе  нормалық- құқықтық  базаның  дамуы,  жастар ұйымдары  мен олардың саяси процестерге араласуы  болып қала береді. 2 жыл көлемінде  ҚР жастар саясаты туралы заң жобасына  қазақ  жастарының  әлеуметтік жағдайы, соның  ішінде  студенттердің  тұрғын  уй құрылысы, олардың  қоғамдық  көліктерде жүру  кезінде  қарастырылған жеңілдіктер   енгізулер қажет екендігі айтылып келеді. Бірақ  басты сұрақ ретінде еліміздің қоғамдық-саяси  өміріне жастардың  араласуы,  жаңа  азаматтық  қоғамның  қалыптасуы  болып  табылады.  Мемлекеттік  жастар бүкіл  халықтың  30 % -ы  құрайды.  Алайда, Маслихаттағы  депутаттардың  жалпы  салмағы  ішіндегі  жастар үлесі  0,6% , яғни  21 депутат. Мәжілісмен  Бақыт Сыздықованың  сөзі бойынша 4 жыл бұрын олар   77 болатын. Бүгінгі күніне орай  олардың көбі   29 жастан асып кетті.

Барлық мекемелер мен ұжымдардағы жастар құрамын арттыру көзделіп отыр. 2015 жылдың көрсетіш  6%-ды құраса,  2020 жылға дейін  15%-ды құрауы керек.  Бұдан басқа жастар саясаты сферасындағы  ұйымдастырылатын  іс - шараларға  белсене қатысатын  жастардың  да санын  арттыру көзделіп отыр. Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жиналысында қазақ жастарының болашағы үшін маңызы зор арнайы жоболалардың іске асырылғандығы  жөнінде сөз болды. Ол жобалар шын мәнінде жас ұрпақтың дамуына ықпал етіп,  барлық деңгейдегі  Маслихат депутаттығына кандидаттыққа  үміткер кадр ретінде бағытталған   «Жас кадрлық   резерв»,  «Жастар  тәжірибесі», «Жас депутаттардың  ассоциациясы» атты саяси  алаңдар құруда.

 

Ол жобалардың негізгі құндылығы   еліміз бойынша  жаңа да жас кадрлар дайындау.  Ұйымдастырушылар республика бойынша Маслихатқа үміткер ретінде   500  адамды кандидаттыққа таңдап алмақшы. Осыған  байланысты депутаттардың  орташа жас мөлшерін  29- 30 көтеруі мәселесі қарастырылмақшы. Қазіргі кезде  Алматы қаласының депутаттарының орташа жасы  51,5.   Мәжілісте -2.  Конститутцияның   86 -бап  3 -бөліміне  сай  мәслихат  депутаты  ретінде  20 жастағы Қазақстан азаматы бола алады.

Бүгінде бүкіл ел бойынша  қазақ    жастары саясатының    дамуына    идеялар әкелетін түрлі ұйымдар құрылуда.  Мысалы  жастар  қозғалысы  «Жас Отан», Президент бағдарламасы бойынша  «Болашақ»  жобасының түлектерінің  ұйымы және  қоғамдық  «Болашақ  жастар қолында»   атты ұйымдар   жергілікті органдарда жастардың  көзқарасына  қолдау   бола алады.

 

Бүгінде  Алматы қалалық Мәслихатында  33  және 36  жастағы  2  депутат  бар. Басқаларының   13 адам  - 60-70 жаста,  11 адам -  50-60  жаста.  Осы жылдың  басында оңтүстік астанасынын әкім   А.Есімов  жастардың  атқарушы  орган  билігіне де араласуы  туралы ой тастап,  ол  жастардан  қолдау  тапты.  Жастар  ұйымдарының  лидері  А. Котенёв осы оймен   екі жыл бұрын шыққан еді. Бірақ бұл ойды іске  асыру үшін кедергілер пайда болды.  Дегенмен,  жастар соңына дейін баруға дайын еді. Республикадағы жастардың   белсенді  бөлігі  өз құқықтарын қорғауы керек болғандықтан өз  білімдерімен, тәжірибелерімен  бөлісуге дайын.  А.Котенёв  сөзі бойынша   сайлау кезіндегі  жастардың  қатысуы – еліміздің дамуының кепілі. Жас депутат Бақыт Сыздықова  да  республика бойынша  Мәслихатқа депутаттық кандидатқа үміткер ретінде жастарды дайындау үшін бел шеше кірісетіндігін айтты.

 

Наталья  Ливинская

Оцените пост

1