• 3394746
  • 4670
  • 289
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Нәзік жанды джаз

Көптеген алматылықтар үшін күз маусымы джаз әуенімен байланысты. Сірә, күзгі көңіл-күй  дәл осы музыканы талап етеді. Онымен қоса, осыдан екі жыл бұрын дәл күзгі күні танымал DJ Ospanoff еліміздің барша джаз сүйер қауымына атақты джаз-бендтер фестивалін тірідей тамашалауға мүмкіндік берген болатын. Алайда, 4-қараша күні өткен джаз-концертке Рустамның еш қатысы жоқ болып шықты, оны Оспанов мырза өз твиттерінде де жазған еді. Джазистан басшысының айтуынша, келесі фестиваль 9 желтоқсан күні болмақ.


Рустам Оспанов  

DJ Ospanoff - әлемдегі ең керемет музыканы әдемі топтастыра алатын адам. Оның ''Гравитация'' мен ''Невесомость'' радио бағдарламаларын Energy 102.2 FM толқындарынан тамашалуға болады. Сеттерінде көбінде Funk, Soul, Boogie, Disco, Jazz, Hip-Hop, Broken Beat, House, UK Funky, Dub Step секілді бағыттар жарасымды үйлесім табады. Сонымен қатар, Рустам “Jazzystan” атты Халықаралық Музыка Фестивалінің авторы.



Ал осы жолғы концерттің басы-қасында Қазкоммерцбанк пен ''Құс жолы'' қайырымдылық қоры болды. Шыны керек, "Mosaic Project" тобының қатысуымен өткізілген концерт формат бойынша Джазистанға ұқсас еді, бірақ ұйымдастырушылары екі бөлек болғасын,  бұл екі түрлі концерт екендігіне көпшіліктің көзі жетті деген ойдамын.


Nona Hendryx
 

R&B, soul, dance, funk, funk rock, art rock, hard rock, new age орындаушысы. Ән жазумен қатар, продюсер ретінде де белгілі. Нона өнер жолында Santana және The Rolling Stones секілді атақты музыканттармен бірге сахнаға шығып ән айтуға үлгеріпті. Музыкатанушылардың айтуынша, әнші "glam rock" стилінің авторы. 80-жылдары өзінің жаңа арт-рок Zero Cool тобын құрып, 1983 жылы музыка чарттарында алғаш R&B хиты - "Keep It Confidential"-мен кең танылды.


Niki Haris

Американдық джаз орындаушы көптеген танымал әншілермен бірге жұмыс жасаған (мысалы, Рэй  Чарльз, Карлос Сантана, Мик Джаггер, Уитни Хьюстон). Ники талантты пианист Джин Харистың қызы. 16 жыл бойы ресми түрде Мадоннаның бэк-вокалисті де болған. Онымен қоса, өз джаз-бендымен АҚШ пен Еуропаны концерттермен аралаған.




Кештің жұлдыздары жайында сайтымызда бұрын да жазылған еді, бір сөзбен айтар болсам, осы жолы күзгі сарынды сүйемелдеуге гремми иелері мен танымал поп-әншілердің бэк-вокалистері келген болатын. Концертке қаланың жасы да, кәрісі де жиналды, зал лық толы, сахнаның бір жағында бала-бақшаға баратын бүлдіршіндер болса, екінші жағында әжелер билеп жүр. Қысқасы, концерттың атмосферасын түсіну қиынға соқты. Бақытымызға орай, кешті сүйікті The magic of nomads ашқан болатын, ал олардың өнерін тірідей тамашалау бір ғанибет. Сиқыршы көшпенділеріміз ''Ақ сиса'', ''Құс қайтару'', ''Бұл-бұл заман'' сынды туындыларын бар жанымен беріліп орындап шығып, тыңдармандарды таңғажайып әлемге апарғандай болды. Әттең, дыбыс сапасы нашарлау болды, бірақ нағыз талантар үшін техникалық ақаулар ештеңе де емес екеніне тағы көзіміз жетті.

The magic of nomads

Жетiген, сазсырнай, шаңқобыз, сыбыз­ғы арқылы Ұлы Дала әуендерiн тың­дарманға бар әуезiмен жеткiзе бiлетін топ. Жобаның авторы және жетекшісі, қазақтың көне аспабы қобызды кәсіби деңгейде меңгерген орындаушы - Ғазиза Ғабдрахимова. Қазақстанның мәдениетін Франция, Германия, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде насихаттауға өз үлесін қосқан.


 

Қазақтың музыкалық көне аспаптарын шебер меңгерген сазгер, фольклор зерттеушісі - Еділ Құсайынов. Жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарымен қатар көмеймен ән айтудың әзірше теңдесі жоқ жалғыз шебері. Еділ сақтар мен ғұндар дәуірінің мәңгілік әуенін бүгінгі жаңа ғасыр музыкасымен жалғастырып, қазақ ұлттық мәдениетін әлемдік сахнада жаңғыртып жүрген талант иесі.


 

Төменде Виктор Харченконың концерттен суреттері:

Алия Arsik
8 ноября 2011, 23:29
3452

Загрузка...
Loading...

Комментарии

тамаша пост....
өкінішке орай кешке бара алмадым. сондықтан басқа хэдлайнерлердің бағдарламалын бағалауға мүмкіндігім болған жоқ.
The magic of nomads тобының шығармашылығы ұнайды, олар сапалы музыкалық туындылармен қуантады.
пост расында жақсы. рахмет. :)
Arsik
0
6
рахмет, маған да қатты ұнайды, концертке дейін альбомын тыңдап, тв-дан ғана көріп жүргем)
әдемі пост екен :) тәнтімін! осы жазбаға бола джазз тыңдап кетсем бе екен? :)
Arsik
0
6
сен ол жағынан эстетсің ғой, әдебиеттегідей))
в кои-то веки на ювижн опубликовали хороший пост на казахском языке.
қап, осындай кешті өткізіп алыппын ( сенің жазбаларыңды жиі оқу керек
Arsik
0
6
келесіде алдын ала жазармын саған)

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10195
  • 100
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9428
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 8717
  • 23
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 7108
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 6009
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4925
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3566
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2867
  • 60