Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
00:15, 08 ноября 2011

XXI ғасырдағы Алдар Көсенің бастан кешкендері

Blog post image

Жақында Твиттер мен Фейсбук арқылы мен Алдар Көсе XXI ғасырдағы Қазақстанға келіп қалған жағдайда не істер еді, басынан не кешірер еді деген сауалды ортаға салған болатынмын. Алдында дәл осы ойды бірқатар қазақстандық киношы алға салып, кино түсіріпті! «XXI ғасырдағы Алдар Көсенің бастан кешкендері» атты фильм үлкен экрандарға ертең, 9 қарашада шықпақ, және блогшылар мен журналистерді тұсау кесеріне шақырамыз! Бірақ ол туралы кейінірек, қазір қысқашалап сюжетті айтып берейін.

Қазақ эпосының кейіпкері Алдар Көсе жауыз бақсының пиғылымен XXI ғасырға түседі. Ол анау-мынау емес, шырайлы оңтүстік қала - Шымкенттің өзінен бірақ шығады. Көңілді де айлакер Алдар Көсе қазіргі әлемге таң қала қарайды, ол әйелді ұруға, ұрлыққа тартуға болатынына, дискотекада ішімдік ішудің «абырой» екендігіне, анасының еміне ақша тауып жүрген баланы қуып жіберуге болатынына қайран қалады. Алдар Көсе абыржып, басында өзі де алданып қалады. Алайда кейін таптырмас айлакер жаңа әлемге тез бейімделіп, тіпті, ұялы телефонды да игеріп алады. Жанынан әдеттегідей жақсы адамдар – адал достар табылып, ол көне замандағыдай байлардан ақша өндіріп алып, кедейлерге көмектесе бастайды. Оған қоса, Алдар Көсеге өз заманына оралу үшін қажет көне білезікті қайткенмен де қайтарып алу керек. Мұнда тағы да оған достары және… XXI ғасыр Шымкентінде кезіккен ғашығы көмекке келеді…

Бәрін жазбай-ақ қояйын, әйтпесе қызық болмай қалады :) Хиқаяның немен аяқталатынын білгісі келген блогшы немесе журналист маған хабарласып аккредитация алып, ертең сағат 17.00 «Silk Way City» (Төле Би және Наурызбай Батыр көшелерінің қиылысы) сауда орталығындағы кинотеатрға келіп фильмнің тұсау кесеріне қатысса болады. Фильм қазақша көрсетілетін болады.

Киноны түсіргендер – ВГИК түлегі режиссер Бегайдар Шалдарбеков, сценариін жазушылар Бекболат Шекеров пен Алмас Әбдіков, және жоба авторы Самат Нысанбеков.

 
1
1572
7