Болашаққа үміт

Ainel_BOTA 2011 M11 6
366
0
1
0

Балалардың қараусыз қалуы қоғамның ең көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр және әдетте осы мәселеге көбінесе жағдайы нашар отбасылардағы балалар ұшырайды. «Болашақ» ҚБ-гі «БОТА» Қорының...

Балалардың қараусыз қалуы қоғамның ең көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр және әдетте осы мәселеге көбінесе жағдайы нашар отбасылардағы балалар ұшырайды. «Болашақ» ҚБ-гі «БОТА» Қорының қаржылық қолдауымен «Шаг навстречу (Қол ұшын беру)» жобасын жүзеге асыра отырып, дәл сондай отбасылардан шыққан жасөпірімдермен жұмыс жасауда.

Ұйым әлеуметтік қауіп бар топтардағы балалармен жұмыс жүргізетін 11 клубты біріктіріп отырғанына қарамастан,жоба шеңберінде Алматы облысы, Іле ауданының «Дидар» (Өтеген батыр ауылы) және «Үміт» (Жетіген ауылы)  балалар-жасөспірімдер клубтарына қатысушы балаларды ғана қамту ұйғарылды. «Бұл – кездейсоқ шешім емес, өйткені статистикаға сай дәл осы елді мекендерде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың ең жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Біз психолог көмегіне аса зәру және тренингке қатысу ауадай қажет болып отырған балалардан тұратын топтарды қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқардық», - деп баяндады «Болашақ» ҚБ-нің директоры Абилова Роза Михайловна.

Ұйым жобаға қатысушылар үшін жаттығулардан, ойындардан және ең  көкейкесті проблемаларды талқылаудан тұратын психологиялық тренингтер, сондай-ақ  жеке кездесулер өткізеді. Сонымен қатар  жасөсіпірімдер бос уақыттарын аула клубтарында ашылған тегін үйірмелерде өткізуде. Солайша, «Дидар» клубында іс жүргізу бойынша, би, тоқыма, моншақ тізу үйірмелері жұмыс жасауда, ал «Үміт» клубында ағылшын және қазақ тілі курстары, тігін, актерлік шеберлік курстары қарқынды жұмыс жүргізуде. Балалардың дене дамуы үшін клубтың екеуі де футбол секциясын ашты.

Жарқынай Рақышева, «Yмiт» балалар-жасөспірімдер клубының жетекшісі, былай деп баяндады: «Балалар әсіресе «Жұлдыздар жанса...» спектаклінің қойылымы кезінде айрықша бірлік танытты, бұл спектакль АИДС тақырабына арналған болатын. Олардың әрқайсысы өз рөлін сезініп, оған тұтас енгендігі сонша, сахнада қойылым жүріп жатқан кезде көрермендердің ешқайсысы селқос қалмады, тіпті көзінің жасын да жасыра алмады. Балалардың өздері де біршама есейіп кеткендей болды».

Тренингтер мен сабақтарға қатыса отырып, балалар өз-өзіне сенуді үйреніп, қоғамдағы өз орнын тауып, болашаққа қоятын мақсаттарын белгілей білді. Жобаға қатысушылардың өздері былай деп әңгімеледі:

Снежанна (16 жаста) – Менің әжеммен қарым-қатынасым дұрыс болмады, ол мені жалғыз өзі тәрбиелейді. Тренингтердің арқасында біз тіл табыстық. Маған біздің психологымыз Галинаның сөзі қатты ұнады: «Сен ортадасың, ал қалғандары – сенің айналаңда». Әлем өзгерсе де, мен өзгермеймін.

Станислав (16 жаста) – Мен бала күнімнен спортпен шұғылданамын. Тез ашуланғышпын, осы мінезімнің кесірі де талай тиген. Енді кез келген қақтығыстарды мен ақылға салып, сөзбен шешуге тырысамын, жұдырығымды ала жүгіре бермеймін (жымияды). Көп адамдар менің байсалданып, төзімдірек бола бастағанымды аңғарып жатыр. Мен сенуді үйрендім.

Бекжан (17 жаста) – Мені бұл клубқа мектеп психологы жолдады. Қарсыласып, осы менің алғашқы да соңғы келуім болсын деп шешкенмін. Содан кейін достарым осында қайта шақырды, бірақ бұл жолы мен мүлдем өзгеше әсер алдым. Уақыт өте келе клуб менің өмірімнің бір бөлігіне айналды, енді онда барсам ба, әлде бармасам ба деген сұрақ менің ойыма да келмейді.

Әйнел Қайназарова

Тізімге өту

Оцените пост

1
Дальше