• 5526
  • 45
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Отаншылдық рух – Алаш қазынасы


Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың ұрпағы, біздердің бостандық, тәуелсіздік ұғымдарын терең қадірлеуіміз бен халқымыздың ұлт-азаттық күресін ғасырлар қойнауында қалдырмауымыз үшін ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, тарихи мұрамызды зерттеп насихаттауымыз міндетті. Себебі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында халқымыз бастан кешірген әр түрлі кезеңдердегі ұлт-азаттық қозғалысының маңызын арттыра түсіріп, еркіндіктің ауыр тарихи сындар арқылы келгендігін жастардың арасында кеңінен айтылуы маңызды.

Біз үшін, яғни жас ұрпақ үшін мұрат етілген тек бір ғана қызмет бар. Бұл – тәуелсіздікті қорғау, оның шаңырағын биіктету және шайқалтпау. Ұлттық намысқа ие болу және білім-ғылымды игеру осыған жетудің амалы. Ұлттық намыстың үлгі-өнегесін Алаш қозғалысының қайраткерлері көрсетті десек қателеспеспіз.

Қарама-қайшылығы мол тарихи кезеңде, империялық отарлау мен қан түстес саясаттың тоғысында қазақ сахарасында қоғамдық-саяси пассионарлық феномен дүниеге келді. Қазақ халқының келешек тағдырын анықтап, ұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, соның жолында жеке бастарын құрбандыққа шалған «алашордалықтар» отаншылдықтың ең биік көрінісі ретінде біз үшін үлгі-өнеге.

Өз заманының ұлт қаймағы болған тұлғаларды кеңестік құйтырқы саясат халық санасына бір жақты қылып көрсетпекші болғанымен, ұлт жүрегінде кімнің кім екенін басынан-ақ анықтап қойған болатын. Олар жастайынан ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өздеріне борыш санаған және осы ойларын іспен дәлелдеген қазақтың ұлдары еді. Алаш идеясы қазақ даласындағы шашыраңқы жүрген ұлтжандылардың басын біріктірді және жігерлі де, жүйелі жұмыс жасауға итермеледі.

Қорытындысында еркін дем алуымызға алаштықтар өз заманында мәңгі өшпес қызметтер жасады, тарих қойнауына терең үңілмей осыларға қысқаша тоқталсақ...

 

Біріншіден, өздерінің қоғамдық-саяси сахнадағы белсенді іс-қимылдары арқылы Орта Азияның басқа ұлттары мен орыс мемлекетінің құрамындағы түркі тілдес халықтардан қазақтың бөлек ерекше ұлт екендігін Ресей империясы мен Кеңестердің басшылығы алдында танытты, яғни жан-жақты салада халық атынан ұлттық позициясын ресми түрде білдіре алды. Қарқаралы петициясы, «Қазақ» газетінің қызметі, «Алаш» партиясының, кейіннен Алашорда үкіметінің құрылуы, т.б. этносаяси элитаның және бұқара халықтың араласуымен саяси процестердің жүзеге асуы ұлттың одан әрі өзін-өзі саяси идентификациялануына алып келді. Алаштықтардың ой пікірлерін негізге ала отырып, халық бостандық рухымен сусындалды.

 

Екіншіден, олардың саяси қайраткерлiгiнiң ең жауапты және шешуші кезеңі деп қазақ мемлекеттiгiнiң негiзiн қалаудағы 1920 жылдың тамыз айындағы «Қазақ кеңестік Автономиясын құру туралы» Декреттің дүниеге келуін айта аламыз. Осы бағытта алаштықтар дипломатиялық,  картографиялық, этнографиялық және құжаттамалық ауқымды жұмыс атқарды.  Бұл құжаттың тарихи маңызы орасан зор, Кеңес үкіметі көшпелі халықты бөлек автономиялық субъект ретінде рәсімдеп мойындады. Сонымен қатар ең бастысы, қазақ даласының шекарасы белгіленді.

 

Үшіншіден, қазақ зиялылары Шығыстың ғана емес, бүкіл Батыстың тарихын, рухани мәдениетін терең түрде игере отырып, оларды өз ұлтының мүддесі тұрғысында қорыта білген ХХ ғасырдағы қазақтан шыққан ойшыл-философтары, ағартушылары болды. Фундаменталдық және гуманитарлық ғылымдардың қазақ даласында дамуына және бүкіл ағарту жүйесіне көп дәрежеде ықпалын жасады. Қазақ елінің экономикалық жай-күйін, шаруашылығын, тарихын, этнографиясын, тұрмыс-салтын, материалдық және рухани мәдениетін зерттеу бағытында кейінгі ұрпақ үшін мирас қылып көптеген зор еңбектер қалдырды.

Бұл қазақ елінің азаттығын аңсаған Алаш ардақтыларының қызметінің бір мысалдары ғана. Басым көпшілігі оқу орнын кеше ғана бітіріп, ұлт қамын ойлап, қоғамдық-саяси қызметке тікелей араласып, жаппай репрессияға ұшыраған жас зиялыларды қалай қастерлесек тарих алдындағы борышымызды атқара аламыз деген ойлар жиі-жиі толғандырады. Біз екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін қызыл әскердің қатарында қасық қаны қалғанша шайқасқан аталарымызды қалай қастерлесек, «Алаш» қозғалысының құрбандарын да қадірлеу біз, яғни жас ұрпақ үшін парыз болуы қажет. Жастайымыздан өзімізді олардың тұлғалық қасиеттерін, өмірлік қағидаттары мен азаттық жолындағы күресін үлгі етіп тереңнен тәрбиелесек, қоғамымыздың әдетіне айналған кейбір дерттердің алдын-алуға болады.

 

Халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік әл-ауқатымыз артып, инновациялық даму жолына түскен тұстамыз. Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде қастерлі тәуелсіздіктің құны жолындағы құрбандарын ұмытпай, оларды үлгі ету арқылы күш-қайратқа және рухани бірлікке ие бола аламыз. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтау мақсатында жастар жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

 
Арнольд Haberych
.......................
4 ноября 2011, 13:01
2428

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Отаншылдыққа тәрбиелейтін 101.4 FM толқынында "Астана" радиосымен бірлескен "Елім менің" жаңа радиожобамыз ашылды. Желтоқсан айында Алматыдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражайда Ахмет бабамызға арналған кеш өтеді

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 52094
  • 23
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
вчера / 11:08
  • 6979
  • 23
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 5144
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4550
  • 57
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3920
  • 11
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 3755
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3839
  • 31
Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк – другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3245
  • 8
Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Как я погрузилась в общажный мрак – это место сделало из меня монстра

Попрощавшись с уже полюбившейся мне маленькой раздолбанной квартиркой, где соседки слезно умоляли меня остаться, я погрузилась в общажный мрак. Но тогда я этого еще не знала.
AutumnRain
17 мая 2017 / 10:07
  • 3461
  • 63