Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:39, 03 ноября 2011

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

"Болашақ" университетінде өткізілген іс-шаралар жөніндегі ғаламтор материалдары

Біздің елімізде тілден басқаның бәрі түзелді:

Жуырда ғана аталып өткен тіл мерекесі күні елімізде көптеген іс-шаралар мен келелі жиындар өткізілді. Бұл тұрғыда Сыр өңірінде де айтулы шаралар жүргізілді. Соның бірі Қызылорда қаласындағы “Болашақ” университетінде болған студенттердің тағылымды кеші бәрімізге ой салды. Осы кеште де мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтады. Түрлі ұлт өкілдері бас қосқан жиын қазақы бояумен өріліп ғана қоймай, осы оқу орнында білімін шыңдап жатқан түрлі ұлт өкілдері түгелдей қазақша сөйлеп, төл тілімізді мерейлі тұғырына қондырғандай болды. Тіпті өзге ұлт жастары қазақ тілінде ән айтып, би билеп, ұлттық өнерімізді де ұлықтады. Ұлтына, тіліне жанашыр болған жастардың бұл әрекеті бәзбіреулерге үлгі боларлық дерсің.

Сілтемесі: http://www.aorda.kz/?p=13128

ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКЕН САЙЫС:

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазіргі заман талабына сай қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген Сыр бойы жастарының арасында жуырда «Тілдарын-2011» олимпиадасы өткізілді. Оған түрлі салада жұмыс істейтін әр жастағы жастар және жоғары, арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Барлығы 21 талапкер қатысқан олимпиада қызықты да тартысты өтті.

Олимпиадаға қатысушыларға берілген тақырыпқа сай тұсаукесер өткізіп, эссе жазу, баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, мәтінге ілеспе аударма жасау тапсырылған болатын-ды. Сайысқа қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуына мән беруі сарапталды. Сонымен қатар берілген жауаптың дұрыстылығы мен мазмұндылығына, қатысушының тіл шеберлігі мен сөздік қорының қай дәрежеде екендігіне назар аударылды.

Yш тілді жетік меңгерген қабілетті жастардың өзара сайысын Қызылорда экономика және құқық колледжіндегі қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Г.Нәсібекова жетекшілік еткен қазылар алқасы бағалады. Сайыс барысында барлық сатыдан сүрінбей өткен «Болашақ» университетінің студенті Ғалия Сәрсенова үздік танылды. Одан кейінгі жүлделі орындарды №2 «Мұрагер» мектебінің оқытушылары Қайырбек Бүксікбаев пен Оксана Жбирь еншіледі. Тағы да үш талапкер ынталандыру сыйлығына ие болды. Байқау жеңімпаздарына тіл басқармасының арнайы дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары табыс етілді.

Облыстық олимпиада жүлдегері республикалық сайысқа қатысуға жолдама алды.

Сілтемесі: http://www.syrboyi.kz/page.php?page_id=6&lang=1&article_id=7997

 

ШЫНАЙЫ ТYСІНІСТІК КЕЛІСІМГЕ БАСТАЙДЫ:

Кеше Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «Нұр Мүбарак» университеті дінтану кафедрасының меңгерушісі, теология ғылымының докторы Алау Әділбаев пен «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Жеңіс Садықов студенттермен кездесті.

Кездесуді университет ректоры Өмірбек Үмбетов ашып, жүргізіп отырды.

Жастарға Ислам діні, жер-жерде орын алып жатқан лаңкестік әрекеттер жайында кеңінен түсіндіру, діни-ағартушылық жұмыстарын жандандыру мақсатындағы жиында Алау Әділбаев «Ислам мен лаңкестік - кереғар ұғымдар» тақырыбында лекция оқыды. Онда ғалым дәстүрлі дін мен лаңкестік әрекеттердің айырмашылығын, олардың ұстанымдарындағы қарама-қайшылықтарды жан-жақты ашып, баяндады. Ислам дінінің мейірімділік пен төзімділік, сабырлылық діні екені, оның негізі Құран Кәрімде жатқаны айтылды.

Соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оған тұшымды жауап алды.

Сілтемесі: http://www.syrboyi.kz/page.php?page_id=4&lang_id=1&article_id=8072

 


0
883
0