• 12648
  • 26
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақтың барлық шыңын бағындыруды арман еткен...

Моңғолияның ең биік шыңы Баян-Өлгей жерінде. Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан дәл осы суы мен ауасы балдай өлкені қазақ ауылдары мекендейді. Ресейдің қыспағынан ата-бабалары атамекеннен алыстауға мәжбүр болған қандастарымыз өзгенің елінде тұрса да, салт-дәстүр, дін мен ділді сақтай білген. Осы ауылда қазақ балаларын спортқа баулып, болашақта олардан нағыз чемпиондар шықса екен деген тілекпен жүрген Жанарбек Ақыбиұлы ағамыз тұрады. Осыдан бір жыл бұрын онымен ғаламтор желісінде таныстым. Ол «Көк бөрі» лақап атпен күллі қазақ блогерлеріне танымал. Мені қызықтырғаны, оның биік-биік шыңды  бағындыруға құштарлығы. Жанарбек ағаның тұратын жері, күнделікті шұғылданатын ісі мен үшін ертегідей көрінетін. Жақында Жанарбек аға Астанаға ат басын бұрды. Ағамыздың Елордаға келгенін естігенде көзбе-көз кездесуге асықтық.

«Халқы судың тұнығын ішеді, ауаның ең тазасын жұтады, табиғатқа жақын болғандықтан, денсаулығы мықты, ширақ», – дейді Жанарбек аға өзінің ауылдастары жайында. «Баян-Өлгей аймағында денсаулығы мықты қазақ балаларының өсіп келе жатқанын естіп, болашақта қазақ елінің атынан Олимпиада медалін мойнына тағар спортшы шығар деген үміт оты жағылды. Кезінде «Қытайдан былғары қолғап шебері, қандасымыз Қанат Сіләм келді. Егер шеттегі қазақтардың шамасы болмаса, Қанат бауырымыз топ жарып шығар ма еді?!  Бізде де ондай балалар жоқ емес. Біз мектеп кезінде барынша «шыққан тауың биік болсын» деп тәрбиелейміз, алайда ол бала ертең бірден Олимпиада ойындарына қатыспайды ғой. Сатылап  аудан, аймақ жарыстарынан өтуі керек. Ал, оны дайындайтын спорт орталығы жоқ. Арнайы қазақ ауылдарына оны ешкім салып бермейді. Былайша айтқанда  бала жастайынан спорттық тұрғыдан «тұншығып» қалады. Ал, ел үздіктері тек Моңғолияның басты қалаларында ғана дайындалады. Ол үшін қыруар қаржы керек. Әзірше ондай қаржылық жағдайымыз төмен. Бірақ, ақша жоқ деп қарап отырмаймыз ғой, қолымыздан келгенше қазақтан чемпиондар шығаруға тырысамыз жатырмыз», –  дейді Жанарбек аға бізбен әңгімесінде.

Моңғолиядағы қандастарымыздың ішінен спорттың «жілігін шағып, майын ішкен» қандастарымыз да аз емес. «Спорт шебері», «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына қол жеткізгендер де баршылық. 70-ші жылдары волейболшы Кеңесхан деген ағамыз Моңғолия намысын халықаралық аренада қорғаған. Грек-рим күресінің шебері Бақыт Орынбаев деген қандасымыз Мәскеу Олимпиадасына қатысты. Туриндегі Қысқы Олимпиадаға қатысқан бауырымыз да бар екен. Жанарбек ағаның айтуынша, спорттың әр түрінен өнер көрсетіп жүрген қазақ жастары бар. Бірақ көп емес. Мұның басты себебі, қандастарымызға қолдаудың жоқтығы...

Жанарбек ағамен болған әңгімеде біз мынаны сұрадық: «Моғолиядағы

спортқа талабы бар қазақ жастарын неге елімізге шақырмаймыз?..  Жанарбек аға бұл сұрағымызға былай деп жауап берді: «Биыл Қазақстанда қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстан намысын қорғаған қанша қазақ баласын көрдіңіз? Саусақпен санарлық қана. Шетелден қаншама спортшыларды әкеліп жатырмыз. Неге солардың орнына шетелдегі қазақтарды әкелмейміз?.. Сондықтан сырт жерде жүрген қазақтың талантты спортшыларын шақыру жоғарғы жақта отырған, қолында билігі бар ағаларымыздың ісі...»

Жанарбек аға 20 жыл бойы Моңғолиядағы бар тауды түгел бағындырып келеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен тарихи жерге қызығушылық танытып келетіндердің саны аз емес екен. Солардың барлығына жолсерік болып, бағыт көрсетеді. Моңғолияның ең биік тауы – Бесбауда. Оның биіктігі – 4374 метр. Ең жоғарғы шыңы – Күйтін деп аталады. Қазақтар оған «Суық қабырға» деп ат қойған. Жанарбек аға бұл шыңды бір емес, бірнеше рет бағындырған көрінеді.

1992-1993 жылдары Жанарбек Ақыбиұлы Түркияда діни сауатын ашады. Сол жердегі мұғалімдер демалыстарын тиімді пайдалану үшін оларды апта сайын тауға апаратын көрінеді. Мұзарт шыңына да сол кезде алғаш рет шыққан. Борса тауын да бағындырыпты. Оның биіктігі – 4400 метр.

Жанарбек аға елге оралған соң аймақтық, республикалық жарыстарға қатысу арқылы тау спортының бар қыр-сырын үйренеді.

«Менің басты арманым – Қазақ еліндегі барлық шыңды бағындыру. Елімізден еріккеннен кетті ғой дейсіз бе?.. Орыс отаршылдарының ойранынан кеттік. Әйтпесе осыдай кең байтақ елімізден кетер ме едік? Сол үшін де менің ендігі арманым өзім көрмеген шыңның бәріне көтеріліп, атамекеннің ерекше әсемдігіне көз салу...» – деді Жанарбек Ақыбиұлы. Дегенмен, Жанарбек ағамыз еліміздің біраз биік шыңдарын бағындырыпты. Мәселен, 2003 жылы Нарынқол өңіріндегі «Мәрмәр қабырғасы» шыңына шықса былтыр Семей өңіріндегі Шыңғыстауға көтерілген. Одан кейін Көкшетауға жолы түсіп, Бурабайдың басына да табан тигізген. Сондай-ақ, жартысы Ресейде, екінші жартысы Қазақстанда жатқан Алтай тауының Мұзтау шыңына да ат басын бұрыпты. Еуропаның ең биік шыңы саналатын Эльбрусқа да Жанарбек аға бір кездері көтерілген екен.

Моңғолия дегенде, «Надым» мерекесі көз алдыма елестейді. Осы туралы Жанарбек ағадан сұрағанымда ол кісі былай деді: «Моңғолдар Тәуелсіздік алған күнін «Надым» мерекесі деп атайды.  Мереке жыл сайын шілденің 11-і күні атап өтіледі. 1921 жылдың дәл осы күні моңғолдар Манжурияның бодандығынан босап шыққан. «Надым» мерекесі кезінде моңғолдың ұлттық күресі, аламан бәйгесі және садақ тартудан кәдімгідей үлкен жарыс өтеді. Балуандар кілемге ұлттық киімде шығады: бөкселік, күртеше, аяғында етік және басында тымақ. Осылайша елдің түкпір-түкпірінен жиналған балуандар бір-бірімен күресіп, мықтыны анықтайды. Жеңіп шыққан жеңімпаз «Арыстан» деген атаққа ие болады. Ал «Арыстаннан» жеңілгені «піл» деген атақ алады. Жалпы моңғолдың күресі қазақтың күресіне қатты ұқсайды...»

 

«Надым» мерекесі кезінде моңғолдың мықтыларымен қазақтар да тең дәрежеде өнер көрсетеді екен. Мәселен, ат жарысы кезінде сол жақтағы қандасымыз Жәнібек Сұлтанұлы өз жылқысын қосқан. Аламан бәйгеге қосылаған  мың аттың ішінде Жәнібектің тұлпары мәреге 93-ші болып келіпті. Сондай-ақ, моңғол күресінен «арыстан» мен «піл» атанған қандастарымыз да болыпты.

Сөз соңында Жанарбек аға Баян-Өлгейге қонаққа шақырды. Ал, біз болсақ, «Надым» мерекесін тамашалауға міндетті түрде барамыз деп уәде бердік...

Н С Olympic_bear
31 октября 2011, 18:12
1049

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8122
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5542
  • 22
Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Молчание Бозумбаева. Как «бензиновые короли» диктуют государству свои правила игры

Произошедшая в сентябре одновременная остановка двух казахстанских НПЗ из трёх и последовавший за этим топливный кризис – это для Казахстана уже не ново. История повторяется каждый год.
openqazaqstan
11 окт. 2017 / 16:32
  • 4333
  • 44
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3022
  • 11
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 2938
  • 12
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3025
  • 20
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2203
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15