• 12036
  • 26
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өзге елдегі "сұлтандар"

Марат Гарипов - қазақ балуаны қазір Бразилияда

Елімізде кей спорт түрлерінде келімсектердің көптеп келуі қынжылтады, әсіресе еркін күрес, ауыр атлетика, футболда көбінесе ТМД елдерінен келетін «қонақтар» қаншама. Оларға кейде тіпті қазақ жерінің суын ішіп, топырағын басып өскен спортшылардан гөрі жақсы жағдай жасалынатыны жасырын емес. «Өзіміздің спортшылар әлдеқайда тәжірибелі әріптестерінен үйренеді» деп ақталады мамандар. Алайда бұл тақырып аз айтылып жүрген жоқ, кейде тіпті бізге келген шетелдіктерді санаймыз деп жүріп, өзіміздің талантты спортшы, не басқа да спорт мамандарының шетел асып кеткендерін байқамай қалып жатамыз. Бізде ондай жағдайлар аз емес және бүгін біз Қазақстанда көп жыл жаттығып, Олимпиада, не әлем чемпионатының медалін алу арманын жүзеге асыру үшін басқа елдің азаматы атанған отандастарымыз жайында әңгіме қозғамақпыз. Әрине, олардың әр қайсысының өзіндік себептері бар...

Алысқа бармай-ақ, соңғы кездері орын алған ауыс-түйісті сөзге тиек етсек. Грек-рим күресінен елімізде 60 келі салмақ дәрежесінде бәсекелестік өте жоғары. Олимпиада және әлем біріншілігінің жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен әлем чемпионатының қола медалисі Алмат Кебіспаевтан талас артылмайды. Дәл осы салмақта ақтөбелік Ербол Қалабаев та өнер көрсететін. Бапкерлердің айтуынша, шамасы жаман емес, ішкі біріншіліктерде көрсетіп жүрген нәтижесі де бар. Бірақ Ерболдың армандағаны халықаралық аренада топ жару еді. Осылайша бір күндері оған Белоруссия құрамасын жаттықтыратын кезінде Қазақ КСРО құрамасының тізгінін ұстаған Генадий Сапуновтан шақыру келіп түседі. Біраз ойланған ол атақты Олимпиада чемпионы Камандар Маджидов және басқа да білікті мамандар бар құрама сапына ауысу туралы шешім қабылдайды. Өзге елге бара салып, ел біріншілігінде жүлдеге ілігіп, кейін алғашқы халықаралық жарысына да аттанады. Қызығы сол: оның алғашқы бәсекесі Қазақстан жерінде өтуі бұйырыпты. Астанадағы «Президент Кубогы» сайысында ол өзінің бұрынғы командаласы Алмат Кебіспаевқа есе жіберді. Кейін Ерболмен сөйлескенімізде «Әлі бәрі де алда», - дегені бар. Жақында ғана халықаралық жарыстың жүлдегерлері қатарынан Қалабаев көрінді. Польшада өткен ФИЛА-ның А сериясындағы Владислав Пытлясинский мемориалында ол күміс жүлдені мойнына таққан. Еуропаның білекті балуандарының біразын сан соқтырған ол ақтық сында ресейлік Заур Курамагомедовке ғана жол берді.

Классиктеріміздің арасынан шетел асып кеткен Марат Гариповты да айтпай кетуге болмас. 55 келіде өнер көрсететін жамбылдық жігіт құрамаға жастардың келуінен жарыс жолынан тыс қалып жүрді. Былтыр Мәскеудегі әлем чемпионатында Гарипов Бразилия күрес федерациясының өкілдерімен әңгіме құрады. Нәтижесінде кейін ол мамандар Гарипов белдесулерінің бейнежазбаларын қарап, балуанға қызығушылық танытады. Енді, қазір ол карнавалдар елінде жаттығуын бастап кетті, бірнеше турнирге де қатысып үлгерген. Балуанның сөзіне сенсек, ол жақта журналистер оған тыным бермейтін көрінеді. Спорт түрлерінен тек футболды ғана жан-тәнімен сүйетін бразилиялықтарға сонау Қазақстаннан балуанның келуі қызық. Қайда барса да, қыр соңынан қалмайды. Маратты күрестегі алғашқы қадамдарынан бастап жетектеп, тәрбиелеген Жамбыл облысы құрамасының аға бапкері Серік Қалдықұловтың айтуынша, ол осы шешімге өзі келді, командадан оны ешкім қумады. «Кезінде көрсеткен нәтижелері жаман емес болатын, алайда спортшының ғұмыры ұзақ емес екені түсінікті», - деді. Бірақ жасы 27-ге келген Марат: «Өзімді 16-жасар бозбаладай сезінемін», - дейді және 2012, 2016, тіпті 2020 жылғы Олимпиадада бой көрсетуді жоспарлап отыр. Қалай болғанда да, 2016 жылғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода өтетінін ескерсек, қазақстандық жігіттің арманы толық болмаса да, іске асуы мүмкін.

 

Жамбыл облысының түлектері «өтімді»

Жамбыл облысынан басқа елге аттанған спортшыларымыз аз емес екен. Қазақстандағы ең көп Олимпиада чемпиондары шыққан аймақ бұл. Тараз өзінің бокс мектебімен танымал, шеберлердің көптігінен де болар, олардың кейбірлері басқа елдің жалауын таңдауға мәжбүр. Кезінде ең жеңіл салмақта елішілік жарыстарда Біржан Жақыповқа қарсылас атанып жүрген Нұрлан Әбдіраимов, кейін халықаралық додаларда қандас бауырымен жұдырықтасып жүрді. Қазақстан және студенттер арасында әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбдіраимов қырғыз елінің Олимпиада жолдамасына соңғы үміті болған еді, алайда сол жолы лицензиялық тунирдің финалында Біржанға есе жіберді.

Осы мысалдан қазақ балалары экономикалық жағдайы аса қуанта қоймайтын елдерге де кетуден бас тартпайтындығын байқаймыз. Тағы бір жамбылдық жігіт Мақсат Әлімбаев жақында ғана бокстан Азия чемпионатына Қырғызстан атынан шықты. Ол алғашқы кездесуінде филиппиндық Лопес Вильфредоға 11:24 есебімен жол берді. 2008 жылы Бакуда жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Әлімбаев өнер көрсететін 69 келі салмақта әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев бар екенін айта кеткен жөн. Ал, жерлесіміз жыл басында Қырғызстан чемпионы, оған қоса айыр қалпақты ағайындарымыздың үздік боксшысы атаныпты. Сонымен қатар, Қырғызстан намысын Әбдісалан Нұрмаханов турнирінде қорғап, алтын медальға қол жеткізген.

Нұрхан Сүлейменұлы

Қазақстан төлқұжатын бір емес, бірнеше елдікіне ауыстырғандар да табылады. Қазақ жерінде – Нұрхан Сүлейменұлы, Түркияда – Нұрхан Сүлейменоғлы, ал АҚШ елінде – «Күн патшасы» атымен танымал шымкенттік боксшы. Кезінде Түркия құрамасына ауысып, Еуропа чемпионы атанған. Ескі газеттердің бетінен Сидней олимпиадасынан соң боксшы еліне оралуды жоспарлайтыны жазылған, ол Сүлейменұлының өз аузымен айтылған сөз, алайда олай болмады. 2000 жылы кәсіпқой бокс жолын таңдап, Америкаға жол тартады. Соңғы мәліметтер бойынша кәсіпқой рингте 18 кездесу өткізіп, оның 15-інде жеңіске жеткен. Алайда кейінгі жылдары Нұрхан Сүлейменұлы туралы ақпарат жоқтың қасы.

 

Ирактағы Буданбеков

Спортшылармен қатар бапкерлер де басқа елге ауысып жатады. Корея жерінде өткен бокстан Азия чемпионатында кезінде ұлттық құрамамызды баптаған Дамир Буданбеков Ирак командасының тізгінін ұстап шықты. Ирактықтарды тәрбиелеп жатқанына 2 ай болған Буданбеков қазіргі қызметіне дән риза көрінеді. Олар біздің маманға осыдан бірнеше жыл бұрын-ақ құда түскен екен, алайда ол кезде Қазақстанда жақсы қызметте отырған бапкер келіспеген. Оның ендігі мақсаты физикалық тұрғыдан мықты шәкірттерінің техника және тактикалық тұсын дамытып, рингте лайықты қарсылық таныта алатындай былғары қолғап шеберлерін дайындау. Әрине, біз қазіргі бапкер Мырзағали Айтжановтың кәсібилігіне еш күмән келтірмейміз, тек Буданбеков секілді маманға Қазақстанның бір бұрышынан лайықты жұмыс табылмағаны ма? Оның кезінде қазақ боксшылары Азия Чемпионатында 3 алтын, 6 қола, Олимпиадада 1 алтын, 1 қола, Азия Ойындарында 1 алтын, 1 күмiс, 3 қола медальға қол жеткізді.

Ал, белгілі дзюдошы Айдын Смағұловтың оқиғасы бәрімізге жақсы таныс. Ол Қазақстан және Орта Азия чемпионы болғанымен, Сидней Олимпиадасының алдында сәтсіздікке ұшырады. 10-12 келі салмақ қууы әсер етті ме, белгісіз, бірақ іштегі Олимп шыңына шығу арманы маза бере ме? Осылайша ол Қырғызстанның белгілі бапкері Тұратбек Құлыбаевқа тап болады. Қырғыз маманның өз елінің атынан өнер көрсету туралы ұсынысы Айдын үшін мүмкін емес нәрсе боп көрінген, алайда біраз ойға шомылған ол көрші елге кететін болды. Сиднейде жүлдегер атанған қазақ баласы қырғыз арманын іске асырды... 1980 жылы атақты ауыр атлет Қаныбек Османәлиев Мәскеуде алтын алған уақыттан бергі 20 жыл аралығында Қырғызстан Олимпиада медалін көрмеген. Айдын Смағұлов Қазақстан спортының тарихына да есімін жазды. Оған дейін еліміздің дзюдошыларынан ешкім де Олимпиада жүлдесіне қол жеткізбеген. Бішкекте өткен Орталық Азия ойындарында қырғыз маманның көзіне түскендердің ішінде  Қазақстан құрамасынан 73 келідегі Сағдат Садықов та бар. Ол дзюдо күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс, Дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері. Қырғыз елінің атынан Сидней мен Афины Олимпиадасына да қатысқан, сонымен қатар ол тек жапон өнерінен ғана емес, өзбектің курашынан Орталық Азия ойындары мен қазақ күресінен бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы. Ал, бұл күндері туған жеріне оралған Сағдат Садықов Өскемен қалалық спорт бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

Келімсектерді мүлдем жақындатпайтын жапон күресі – сумода да қазақ жігіті бар. 500-ден аса жеңіске жеткен және сумошы үшін ең бағалы жүлде – Императорлық Кубоктың иегері Ояката Нисикидо өз мектебіне шетелдік Казафудзан лақап атымен белгілі Сүйеніш Құдабаевты қабылдаған, оған қоса оған көп үміт артады да. Ақтау қаласының тумасы Сүйеніш спорттағы алғашқы қадамдарын еркін күресте жасаған, 2001 жылы әйуесқойлар арасында сумодан әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізген. Бір жылдан соң Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған ол 2003 жылы Жапонияда кәсіпқой дохё арасында алғаш рет өнер көрсетті. Хэягасира мектебінің үздік шәкірттерінің бірі Казафудзан әлемнің үздік 100 сумошысының қатарынан табылған да. Қазақ батыры бір жылдың ішінде алты дивизионнан өтіп, ол туралы француз, жапон газеттері жарыса жазған, тіпті кейін оның туған жеріне жапон журналистері келіп, ол туралы фильм де түсіріпті. Қазіргі уақытта ол Жапониядағы тұңғыш және жалғыз қазақстандық сумошы.

Дегенмен, басқа елге барып «қазақстандық легионер» атанатындар тек жекпе-жек өкілдері ғана емес. Қазіргі уақытта отандық футболда кеткендерден гөрі, келгендер басым болса да, Қазақстан құрамасында және шетелдік клубтар сапында өнер көрсеткен талантты аяқдопшыларымыз болған.

1999 жылы Нигерияда өткен әлем біріншілігінде еліміздің жастар құрамасы бақ сынайды. Сол кезде ең нәтижелі футбол көрсеткен Қазақстан командасының сапында талантты аяқдопшылар көп еді. Түркияның «Эрджиеспор» клубының белді ойыншыларының бірі қазақстандық Әли Әлиев, шабуылшы Евгений Тарасов қазіргі уақытта «Зенитте» жас аяқдопшыларды жаттықтырады, Дмитрий Галичке де Ресей клубтары қызығушылық танытқан. Оған қоса Қазанның «Рубинын» Еуролигадағы жоғары нәтижелерге жеткізген Құрбан Бердыевті айтпай өтуге болмас.

 

Мұхиттың арғы жағындағы «ең пайдалы» қазақстандық

Антропов

4-жасар Николайды әкесі аяғына коньки кигізіп, мұз айдынына тұрғызады. Кейін оны белгілі бапкер Василий Васильченко қол астына алып, 16 жасында Антропов жергілікті "Торпедо" сапына, оған қоса Қазақстан жастар құрамасына шақырылады. Бір жылдан соң әлем чемпионатына қатысқан ұлттық құрама сенсация жасайды, Канада командасымен кездесуде есеп 6:3, Қазақстан пайдасына. 18 жасар Антроповты ересектер құрамасына шақырады, осының бәрі мұхиттың ар жағындағы мамандардың көзінен тасада қалмайды. Осылайша, басталды... Мәскеудің "Динамосы", "Торонто Мейпл Лифс", «Сент-Джон Мэйпл Лифс», Қазанның «Ак Барсы», «Нью-Йорк Рэйнджерс», «Атланта Трэшерз», Канаданың «Виннипег Джетсы». Николай Антропов – Ұлттық хоккей Лигасында өнер көрсеткен ең жоғары нәтижелі қазақстандық хоккейші, ол бірнеше жыл бойы Америка біріншілігінде «ең пайдалы ойыншылар» қатарында да болған.

Парыгин

Әрине, шетел асып кеткен отандастарымыз Қазақстанды сағынатыны рас, алайда кеткеніне қатты өкінген спортшымыз да бар. Бессайысшы Александр Парыгин 1996 жылы Атланта олимпиадасында чемпион атанады, соған қарамастан Австралия елінің маманынан сол елге ауысу туралы ұсынысты қабылдайды. Бірақ іс жүзінде барлығы австралиялықтың уәде еткеніндей болмай шығады. Парыгин төрт жыл бойы басқа елдің атынан өнер көрсетуге болмайтындығын ескермеген, оған қоса азаматтығын ауыстырғаны үшін дисквалификацияға да ұшырауы мүмкін еді. Бір сөзбен айтқанда жасыл құрлықта бессайысшының спорттық ғұмырына нүкте қойылады, қазіргі уақытта ол мүлдем спорттан қол үзген, бірақ Отанға да оралмады.

Материалымызда аталмаған, бізге белгісіз спортшылар қаншама. Өзге құраманы таңдағандар ішінде: Эдуард Гутнехт (бокс, Германия құрамасы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері), Нелли Ким (гимнастика, Олимпиада чемпионы, Белоруссия), Валерий Люкин (гимнастика, Олимпиада чемпионы, АҚШ), Владимир Смирнов (шаңғы спорты, Олимпиада чемпионы, Швеция), Валерий Тихоненко (баскетбол, Олимпиада чемпионы, Ресей), хоккейшілер Евгений Набоков (АҚШ), Виталий Еремеев, ағайынды Корешковтар (Ресей), Елена Лиховцева (теннис, Ресей), Светлана Макеева (мүгедектер спорты) және тағы басқалары.

Әрине, футбол, хоккей және басқа да ойын түрлерінде қазақ өрендері шетелдік клубқа бас сұғып жатса, ол қуанатын жәйт. Өйткені дәл сондай жағдайда ол Қазақстан біріншілігінен әлдеқайда жоғары деңгейде тәжірибе жинап, алдағы уақытта бар шеберлігін ұлттық құрама ойындарына салар ма еді. Ал, басқа спорт түрлерінде жерлестеріміздің басқа елге кетуі, спортшы үшін пайдалы, ал өз еліміз үшін қиын жағдай туғызуы мүмкін. Ең бастысы мамандарымыз болашағы бар балалардың бойынан талантты уақытылы байқаса игі...

Н С Olympic_bear
24 октября 2011, 11:53
2007

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 20445
  • 5
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3859
  • 12
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3525
  • 20
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3781
  • 13
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2515
  • 13
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
вчера / 16:14
  • 2239
  • 28
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2124
  • 2
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 1933
  • 4