Есейетін кез келді

Ainel_BOTA 2011 M10 20
482
0
0
0

Биылғы жылдың сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі ауылда «БОТА» және «Ашық қоғам» Қорларының «Таңдау жасайтын кез келді!» жобасы іске қосылды. Оның шеңберінде...

Биылғы жылдың сәуірінен бастап Батыс Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі ауылда «БОТА» және «Ашық қоғам» Қорларының «Таңдау жасайтын кез келді!» жобасы іске қосылды. Оның шеңберінде психологиялық және кәсіби бағдар беру тренингтері, қызықты адамдармен кездесулер, кәсіпорындарға жасалатын экскурсиялар, еріктілікті дамыту ескерілді. Балалар үйндегі тұйық және өзіне сенімсіз балалар ересек өмірге батыл кіруге дайын жастарға айналды. «Ашық қоғам» ҚҚ-ның Еріктілер командалары координаторы Ләззат Шыңғалиеваның мақаласы

Балалар үйіндегі балалар үшін еріктілік ерекше мәнге ие болып отыр, себебі олар беруге емес, алуға дағдыланған. Дәл осы себептен «Ашық қоғам» ҚҚ еріктілері жоба жүргізілген уақыт бойы балаларды еріктілік қызметіне белсенді түрде үйретті. Балалар ілескісі келген үлгінің бірі болып Дана есімді еріктінің қызметі табылды. Ол балаларға дебат жүргізіп, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйретті. Жасөспірімдерге Дананың қаладағы ең көрнекті лицейлердің бірінде оқитыны, амбицияларға толы жоспарлар жасап, соны іске асыруда нақты әрекеттер жасауы қатты ұнады. Олар Данадан осыған қалай қол жеткізгенін сұрастырды. Енді жасөспірімдер интернет жүйесінен тек қана сауық іздемей, білім бағдарламаларын іздестіріп, алдағы уақытта болатын дебаттарға арналатын материалдар қарастыруда. Балалармен бірге облыстық балалар ауруханасында «Жақсылық сыйла!» акциясын жүргізді. Акция бағдарламасында тренингтер, ойындар, мастер-класстар, концерттік бағдарламалар болды. Осының барлығына балалар үйіндегі жасөспірімдер тікелей қатысты. Олар Орал қаласындағы топан су кезінде де қол қусырып қалмады: жас жігіттер аудандарға гуманитарлық көмекті таратуда жәрдемдесіп, дамба құрды, ал қыз балалар зардап шеккендерге арналған  киім, азық-түлік және тағы басқа керек-жарақты қабылдау пунктілерінде жұмыс жасады. Жаңа еріктілер облыстық ауруханада да көмек көрсетті. Балалар ЖИТС жұқтырғандар тарапындағы кемсітуді азайту мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектеп пен техникумдар оқушылары арасында флэшмобтар байқауын өткізді. Жаз бойы жобаға қатысушылар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жазғы лагерьлерге барып, өздерінің концерттік бағдарламасын көрсетті. Шоу-бағдарлама концерттік нөмірлерден, «Амур. Арман. Аруақ» спектаклінен, психологиялық және кәсіби бағдар беру тренингтерінен құралды. Балалар ауылының еріктілері жобаны жүзеге асыру барысында айтарлықтай есейіп, белсенді де мақсатқа ұмтылғыш болып шықты. Олардың алдында қиындыққа толы жол күтіп тұрғанын білемін, дегенмен де осы алған дағдылары арқасында олар кез-келген кедергілердіен өте алатынына кәміл сенемін.
Тізімге өту

Оцените пост

0