алғашқы бла бла бла....

Aizhan Tabyn 2011 M10 19
856
15
1
0

Жылауық күндердің тізбегі басталатын түрі бар... Ауа райының сүмірейген түрі анау. Қайда қарамасаң күздің күңіренген кейпі. Күн суытты, сау бол менің жайдары жазым) Алдамшы көктен күн күледі, бірақ...

Жылауық күндердің тізбегі басталатын түрі бар... Ауа райының сүмірейген түрі анау. Қайда қарамасаң күздің күңіренген кейпі. Күн суытты, сау бол менің жайдары жазым) Алдамшы көктен күн күледі, бірақ ол адамдар сияқты алдауды жақсы біледі. Кереметтей жылы көрінгенімен, расында термометр қазір бар болғаны +4 Астанада. Демек мұрын үсіп, саусақ тоңып, жұқа шұлықтардың заманы өтіп, "Сәлем саған жылы гамаж" дейтін уақыт кеп қалды.

*******

Келдім мұнда, әрі бері мойнымды созып, жұртқа қарап, алаң болып отырмын. Бір қызығы, бұрыннан оқып жүрмін, тіпті бір рет тіркелген де едім, бірақ тіркелген логинімді ұмытып,оның үстіне уордпресс те керемет жұмыс істепт тұрған болатын... Ехх, қайран уордпрессім ай) Жаным ашиды. Өлі мен тірінің арасында өлімтік хәлде жатыр ғой, бишара... Алла жазса, мұнда да бір орнымды табармын деп үміттеніп отырмын... Үмітсіз шайтан болғым келмейді...

*******

Келесіде кездескенше....

         

Оцените пост

1

Комментарии

0
«Апырай, мынау күннің райын-ай,
Төсектен тәуір болып тұрайын-ай
Десем де, қабағын бір қойды-ау ашпай,
Ерегіскен енеңді ұрайын-ай!"
0
))))))))))))) kaidan gana tauyp aitasyz :DDD
0
Жаз едiм кеше,

Айналып күзге барам ба!?

Жалын жоқ,

От жоқ, жасыған мына жанарда.

Ауытқып кеттi, аймалап тұрған

самал да,

Кеулеп тұр мiне,

Дауыл ма, әлде боран ба?
0
Дауыл емес ол, боран да емес ашулы!
Білесіз қайдан осындай тура басуды?
Жаз қалды жылап, жалын да қалды артымда....
көңіл білмейді кешегі күнгі тасуды.


0
Көктем де келер, жай оты ойнар аспанда,
Жалының жанар, жазың да шығар, жасқанба,
Көңіл де тасып төгілер әлі, түңілме,
Күткенің келіп, пернеңді тура басқанда.
Показать комментарии