Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
6
22:54, 14 октября 2011

Алматы театралдарына жасалған сыйлық

Blog post image

Үстіміздегі айдың 11-і күні менімен Иван Глущенко хабарласып, Алматыға Ресейден келген танымал актерлар Олег Меньшиков, Виктор Сухоруковпен кездесуге шақырды. Меньшиковтың актерлық дарынына бас июші болғандықтан, осындай ұсыныстан бас тарту мүмкін болмады.

Blog post image"Театральное товарищество Олега Меньшикова" Алматыға бұрын қалада қойылмаған Н. Гогольдің "Игроки" пьесасын және А. Барриконың "1900" қойылымын алып келіпті.

Blog post imageРесейлік театр саңлақтарын Алматыға шақырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қала тұрғындарының театралдарына осындай тамаша кездесуді сыйлаған Казкоммерцбанк пен "Құс жолы" қайырымдылық қоры екенін атап өткенді жөн көріп отырмын. Тағы бір айта кетелік жайт, Олег Меньшиковтың театр бірлестігінің қойылымдарына сатылған билеттерден түскен қаражат балалар церебральды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған Қазақстанның 20 қаласындағы сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалады.

13 қазан күні болған баспасөз конференциясы барысында залда жиналған адамдар шетелден келген қонақтарға сұрақтарды оқтай жаудырды. Мен де тыс қалмай, Олег Евгеньевичтен "Утомленные солнцем" киносында Дмитрий Арсентьев ролін ойнағанда қандай қиыншылықтармен қақтығысқаны жайлы сұрадым. Актердің берген жауабы Tengry News-та бар.

Blog post imageБаспасөз конференциясынан кейін "Игроки" пьесасына шақыру билеттеріне ие болдым. Гогольдың пьесасы бұрын-соңды Алматыда қойылмаған. Меньшиков режиссер ретінде өз міндеттерін үздік жүзеге асыра білді.

Сюжет бойынша бір украиндық хуторда үш шулер карта ойнап, уақыт өткізіп жатады. Ихарев (Александр Усов) есімді шулер осылар жайлы естіп, олардың да қалталарын ақшадан тазартқысы келеді. Оның өзі ойлап тапқан құпия айласы бар: сиқырлы колодасы арқылы Ихарев қарсыласының картасын қатесіз анықтай алады. Өзінің айласын сүйетіндігі соншалық, Ихарев бұл колодасын нәзік сезіммен Аделаида Ивановна деп адам атымен атайды. Шулерлер бандысының ақшаларын жымқыру мақсатымен келгенмен, мақтаншақтығына төтеп бере алмаған (және қалтасында 80 000 рублі бар) Ихарев үш шулерге сырын айтып қояды.

Утешительный (Олег Меньшиков) бастаған банды айлаға қызығып, Ихаревті өз қатарына қосады да, елдегі генерал Гловта (Виктор Сухоруков) 200 000 рубльге шақ байлығы бар екенін айтады. Ендігі мақсат осы ақшаны не болса да алдап-арбап ұтып алу. Керемет қойылымның өзектілігі мен құндылығы адамның жаман қасиеттері өзіне дұшпан екенін көрсете білуінде. Елді алдауға бой алған Ихарев өзі қалай аферистерге алданып қалғанын байқамай қалады. Тек сол кезде ғана әділеттік іздей бастайды. Күш атасын білмейді демекші, айла да атасын білмейді деуге болады. Гоголь шығармасының осы күнге дейін өзектілігін жоғалтпауы, міне, осында жатыр.

Керемет қойылым! Қайталанбас актерлік ойын! Тамаша режиссерлік жұмыс! Пьесаға барған да арман, бармаған да арман.

Қойылымдар қазанның 15-не дейін жалғасады.

Blog post image

Соңғы суретті түсірген theYakov-қа үлкен алғыс.

6
399
6