• 37208
  • 76
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" һәм Стив Джобс бақилық

Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун

Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят)

Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)

..Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне...

Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге "Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун" дегенді, яғни "Алладан келдік және оған қайтамыз" деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да "Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" деп кетіпті ғой.

..Дегенмен! Сондай бір тұлғалар болады. Өмірі көрмегенсің, өмірі естімегенсің, ауқаттас болып, сырласпағансың, бірақ ол туралы естігеннен-ақ кәдімгідей қобалжып бастайсың. Бәлкім менің бұл жағдайымды Майкл Джексонның фанаттары түсінер. Ол кісі өлгенде мен анау айтқандай қайғыра қоймағам. "Адам болған соң өлед тағы?" деп. Енді міне, өзім солардың күйін кешіп отырмын. "Стив Джобс өлді" деген сөз ауыр естіледі екен...

Бәлкім бұл менің осы компаниядан, яғни Стивтің қолынан шыққан екі бірдей өнімді сүйсіне қолданып жүргенімнен болар? Ол кісінің инженерлерге қойған талабы - "үш батырма арқылы компьютердің ішіндегі қалаған настройкама жету керекпін". Айтқанындай, құрылғылары қарапайым, сапалы, әдемі! Биыл дәл осы Стив Джобс өмірге әкелген iPad арқылы Стив туралы "Икона" деген кітап оқыған болатынмын. Өмірі қарама-қайшылыққа толы. керек кезінде аярлық та жасаған, батырлық та жасаған. Билікке жету үшін сататын кезде сатқан, сатпаған кезінде отырып жылаған. Ия-ия, кәдімгідей қорсылдап жылайтыны бар екен. Бірақ, кім қалай деп жамандаса да бұл кісінің ешкім айыра алмайтын мінезі бар. Ал енді Стив өткізген презентацияларды айтсаңыз... Ағылшыншам мықты болмаса да оның iPhone4-ті таныстырған бір сағаттық тұсаукесуін youtube-тан тапжылмай отырып қарағаным әлі есімде.  Күні кеше iPhone-ның 4s деген үлгісінің таныстырылымын ол өзі орнына қойып кеткен Тим Кук өткізді. Бүкіл әлемнің көңілі толмағаны өз алдына, лезде Apple компнаиясының қор биржаларындағы акциялары құлдырап сала берді. Міне саған, презентацияның бизнеске әсері.

Айналасына от шашып тұратын адамдар болады. Стив Джобс тек айналасына ғана емес, мұхиттың ар жағындағы мен сияқтыларға да от шашып кетті. Ол өмірге әкелген қағида жазылған кезде грамматикалық тұрғыда қате болатын. "Өзгеше ойлан!" яғни "Think different" деп кетті. Грамматика жағынан дұрысы - "Think differently" болатын. Бірақ ол өзінің қатесін бүткіл әлемге мойындата білді. Ғалам "Think different" деп кетті.

1976 жылы Apple компаниясын бірге бастаған Стив Возняк деп аталатын келесі бір гений оның досы болатын. Айтушылар, "мына Джобс сол Вознякті пайдаланып кетті" дейді. Рас болар. Қалай болғанда да Стивтің сол тірліктерін біз қайталаған күннің өзінде ол жеткен жетістікке жете алмаспыз. Өйткені, ол Стив Джобс!

Оның құрған компаниясы Apple нарықтағы құны 350 миллиард болатын IT-әлеміндегі ең ірі компаниялардың бірі. 2010 жылы ол Microsoft-ты да басып озған етін. Қазіргі таңда Apple компаниясы Mac компьютерлерін, MacBook ноутбуктерін және iPhone смартфоны мен iPod мп3 плейерін һәм әлемег мәшһүр iPad-планшетін шығарады.

..Сенің өлер алдыңдағы жағдайың маған беймәлім, Стив! Туиттерде сенің атың тренд болып тұр дәл қазір. Демек, бұл бүкіл әлем сені жоқтап, қайғырып жатыр дегенді білдіреді. Өзің де бір жүрген тренд едің, өлімің де тренд болды. Сенің соңғы инстанцияңды енді Әлемдердің Раббысы анықтайды! Әмин!

 
Тимур Бектұр temirrr
\"Мен, мен, мен едім! Мен нарында жүргенде...\" :)))
6 октября 2011, 11:53
1139

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 19477
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3759
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3592
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3218
  • 19
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2580
  • 20
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2411
  • 11
Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Какую систему выбрать для денежных переводов внутри СНГ и как избежать потерь при девальвации. В общем, берегите свои кровно заработанные, помните...
Pablo13
20 апр. 2017 / 16:00
  • 2338
  • 19
Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

История с разрушенной атбасарской плотиной получила интригующее продолжение. На официальном уровне говорят о 200 млн тенге, в то время как районный аким сообщил, что дамбу строили совсем за другие деньги.
openqazaqstan
20 апр. 2017 / 15:10
  • 2187
  • 14