Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:54, 07 октября 2011

МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МЕН 23 ЖАСҚА ТОЛҒАН МҮГЕДЕКТЕРДІ ҰБТ-ҒА НЕМЕСЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ДИСТАНЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ БАСҚАРУ ЖОБАСЫ

Blog post imageДистанциялық білім беру технологиясы негізінде мүгедек-оқушылар топтарына қабылдау жалғасуда. Орыс тілінде оқыған 11 сынып оқушылары мен өткен жылдарда бітірген түлектерге ҰБТ немесе кешенді тестілеуге дайындауға арналған сабақтар тегін өткізіледі.

«Тұран» университеті ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігімен, Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, JTI Kazakhstan, Қазақстандағы БҰҰ  Даму Бағдарламасымен бірлесе отырып мүгедек балалар мен 23 жасқа толған мүгедектерге ҰБТ-ге немесе кешенді тестілеуге дайындауға арналған дистанциялық білім беруді басқару жобасын жүзеге асыруды бастады.

ҰБТ-ға дайындық курстарына қабылданған оқушылар ноутбукты және тегін интернетті қамтамасыз ететін грантқа ие болады. ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеуді сәтті тапсырған грант иелеріне (өту балын жинаған) ноутбук өз меншіктеріне беріледі.

Іріктеудің негізгі шарттары келесілер:

-    мүгедектік тобының болуы (есту бойынша, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы және т.б. арнайы жабдықтарды қажет етпейтін);

-    соңғы оқу жылы бойынша жақсы үлгерім;

-    дербес компьютерді қолдана білу.

Дайындық курсына түсу үшін өтініш (Қосымша),  мүгедектігін растайтын анықтама, туу туралы куәлік немесе жеке куәліктің көшірмесі, 10 сынып табелінің немесе аттестат көшірмесі қажет.

Орындаушы.: Сейткалиева Асель, ғылым проректорының көмекшісі.

Тел.: 3870086, e-mail: seitkalieva_asel@mail.ru

 

Қосымша

 

«Тұран» университетінің

ерекше қажеттіліктері бар (мүгедек)

адамдарға дистанциялық білім беру

орталығының директоры

С.К. Исламгуловаға

Д. И. Ахметовтан

Өтініш

 

Мені, Ахметов Данияр Ильясович дистанциондық білім беру негізінде өтетін ҰБТ немесе кешенді тестілеуге дайындық курсына қабылдауыңызды өтінемін.

Жеке мәлімет

  1. Мүгедектілік тобы, диагноз
  2. Туған жылы, куні, айы
  3. Мекен жайы, телефон, e-mail
  4. Мектеп №__, сынып 11 __, оқу түрі (мектепке барамын, уйде оқимын)
  5. Мектеп мекен жайы, жауапты тұлға телефоны
  6. ата-анасының аты-жөні (толығымен), телефоны
 

Қолы

Күні

0
429
1