• 3262
  • 1
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

 Талант МауқанұлыҚұпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.
Мұхиттың ар жағынан пенде не күтеді? Баяғыда гуманитарлық көмек еді, қазір шүкір – технологиялық жаңалық күтеміз. Шынын айтқанда кішкентай бала құсап, робот-гоботтар арқылы оқытатын бірдеңе көремін деп бардым (ұялған күлегеш). Оңнан солға, жоғарыдан төмен сандық форматқа өтіп кеткен қоғамның оқыту әдістері шалқамнан құлатып, есімнен тандырар деп бардым ғой мен.


Профессор мырза әуелден-ақ «брошюрада мен туралы ақпарат дұрыс берілмепті» деп, шулатып қоя берді. Мені қойш, шопыр семіртіп келген педагог-мамандардың мұңайып қалғаны-ай! Дегенмен, жанама түрде болса да жаңалық естірміз деп отыра бердік.
Профессор Талант Мауқанұлы мырза бісмілләсін еліміздегі тілдің жағдайынан бастады. Ол тақырыптан тіпті тілге жауапты шенеуніктер де жеріп біткен екен: «слайдыңызды көрсете беріңіз!» деді. Слайдтың орнына – Internet Explorer-де ашық тұрған бір сайтты көрсете бастады. Қайсыбірtube-пен орнатылған видеодағы «пләйді» бассаң, о, ғажап! – бальзак жасындағыларға "қызым-ау!" деп сөйлейтін кейуана — қазақша сөйлейді! Тіпті паузаға да қоюға мүмкіндік бар! Ерікті-еріксіз түрде болса да, анау-мынау Ақпараттық Технологиялардан аздап таныстығы бар біздер үреймен: «болғаны осы ма?» дедік. Қорқынышты жауап көп күттірмей, ауаны осып өтті: «Осы...».
Дегенмен, бос отырыс болды десем күнәһар болармын. Спикердің өзінен гөрі, келген тіл мамандарының өзара айтыс тартысы өте-мөте қызықты болды. Айталық, орыстілді қатысушылардың бірі, қазақ тілін оқуға құштарлығы, ал соңғы кездері тіптен – мәжбүрлігі барын, бірақ қарапайым да түсінікті оқу құралдарын күндіз шаммен таба алмай жүргенін айтты. «Неге жоқ дейсіңдер, толып тұр, тек құлшыныс керек». Кім айтқанын үш реттен тапшы? Дұрыс, тіл шенеунігі айтты.
Тағы бірі тілдер оқытуда қазақ-түрік лицейлерінен үлгі алуымызды талап етті. Қызы алты айда қазақша сайрап кетіпті-міс. Ізгі ниетті азаматша қазақ-түрік лицейлері оқыту әдістемесін ұстата қоймайтынын білмейтін болса керек.
Бағдарламаның шегесі дейтін бе еді, сол сияқты – отырыстың тұздығы – Оңтүстік Қазақстан өкілінің сөзі болды. «Бізде қазақ тілін оқыту деген проблема атымен жоқ!» — деп бастаған оны, таза рефлекспен ду қол шапалақпен қолдап жібергеніміз сол еді, «тұра тұрыңдар, бұл жетістік емес, проблема болып тұр!» деп, кесіп тастады. Сөйтсек, таза қазақшаға көшу жолында аша тұяқ қалмағанша асыра сілтеп, Оңтүстік Қазақстанда басқа тілдермен араласудан туылатын жаңа сөздерден, жалпы әлемдік тенденциядағы бағдардан айырылып қалыпты. Оның үстіне терминдерді әркім өзінше аударып, жүйелілік жоқтықтан тіл саласы қойыртпақ-шытырманға айналыпты-мыс. Әлқисса, дами алмай жүргендер енді қатты дамып кетудің қаупін көріп, тіпті шатасып кетті.
Не бастарыңды ауыртайын: сонымен, қазақ тілі со баяғы жартастың қасында, сол арбадағы сол көк қалтада жатыр екен. Ешқайда қашпайды, қорықпаңдар…
resmi
5 октября 2011, 17:06
1228

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10127
  • 100
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9384
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 7739
  • 21
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 6671
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 5375
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4902
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3481
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2821
  • 60