• 3389
  • 1
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҮЕҰ: «алаяқ» индекстер

 Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті.

Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз.

Әлқисса, халайық: мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі,

 мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге. Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан көрсету үшін, өздері индикатор жасап алатын көрінеді. Ресейлік маман Ирина Ефремова-Гарт оған қызықты мысал келтірді. Айталық, біреулер «Аэропорттағы қызмет көрсету сапасы индексін» енгізіпті. Ол былай екен: бірінші мінген жолаушының жүгін қабылдаған уақыт пен бірінші түскен жолаушының жүгін қолына алған арасындағы уақыт. Керемет: бұл уақыт неғұрлым қысқа болса, соғұрлым жақсы. Дегенмен жаңа көрсеткіш жолында әккі аэропорт менеджерлері айлаға көшіпті. Олар жүк тасушыларға, қонған ұшақтағы бірінші шыққан жолаушының жүгін бірінші әкеліп беруді бұйырып қойыпты. Ендеше, көрсеткіш жоғары, ал сапа баяғы боп қала берген екен! Жекелеген салдар болса жақсы ғой, бірақ кейде тіпті адам нанғысыз көрсеткіштер болады екен. Мысалы, бір ұйымның көрсеткіші бойынша, Түркіменстандағы Адам Дамуының Индексі… Орта Азия, Азиясы несі – Ұлыбритания мен АҚШ-тан жоғары болып шыққан. Бұл енді аздап намысқа тиетін жәйт, ендеше теледидар-қазит-радио айтатын түрлі индекстерге сонша мән беріп, жүйке жұқартпаңыздар, хы-хы-хы-хых.

Осы жерде менен де бір бұйымтай болды. Экономикалық «жан басына шаққанда 10 тонна астық өндірілді» деген көрсеткіштердің объективтілігі қаншалықты? Біреу қоқыс жәшігінен нәпақа айырып, ал біреу – таңғы асқа қара уылдырық жейді дегенім ғой. Дифференция жасау дұрыс емес шығар, социология ілімі өзін сарқып біткен жоқ па осы деймін де баяғы. Бұған жауап беруге онша құлық танытпады: спикер менің тақырыптан лағып бара жатқанымды ыммен білдірді (сұсты екен, дегенмен).

Әңгіме көрсеткіштерден – қажеттілік туралы саяси-пәлсапалық сарынға ұласты. Айгүл Соловьева ханумды қазақшаласам, шамамен: «Ауылдық жерге Опера-Балет театрын салмақ болғандар да баршылық, тек ақша берсең болды» дегенге саяды. Мұндай көріністер әсіресе Батыс Еуропа – Батыс Қытай транспорттық дәлізінің жолында жатқан елді-мекендерге тән екен. Айталық, әккі мердігерлер бюджеттен бірдеңе қылып жырып, жүз үйден тұратын елсіз ауылға клуб, мәдениет үйлерін салып береді екен. Екен дегенде, солар жаңалық ашып отырған, әйтпесе Сіздердің оны былай да білетіндеріңізге күмәнім болған жоқ. ҮЕҰ неге осындай жәйттерді қадағаламайды деп кейиді Соловьева ханум.

Очм, шенеуніктер со баяғы «менің компетнциямдағы сұрақ емеспен» лақтырып кетті біразымызды. Бір маужырап тұрғанымда, Үкіметтік Емес Ұйымдардың алғаннан гөрі – берері көп екені фактілермен дәлелденіп жатыр екен. Мысалы, АҚШ-тың әйгілі «911» қызметі – дәл осындай ҮЕҰ жұмысы екен! АҚШ енді ертегілер елі ғой, жеке өзім отандық ҮЕҰ негізін қалаған бірде-бір институтты есіме түсіре алмадым (оны енді мамандар әлі жас мемлекет екендігімізбен түсіндіріп жатыр).

Әйтеуір көңілімде жүрген гуманитарлық коэффициенттер мен индекстерге деген күдігім расталып, тіпті көңілденіп екі кесе кофе ішіп тастадым. Шынымен, Ромаға тиіспеңдер: бәлкім IQ көрсеткіші 10 пайызға да жетпес, бірақ кейде тез шешім қабылдап, тұмсығыңнан періп жібергенде, эволюция баспалдағының жоғарысында тұрған IQ жоғары азаматтарды есінен тандырып жібереді…

resmi
5 октября 2011, 16:08
592

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 31406
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15174
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16318
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 11983
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11738
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8212
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7546
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
вчера / 18:36
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3502
  • 21