Кешіккен фото-есеп: WikiMania'11

wikibilim 2011 M10 1
1166
0
2
0

Сәлем, достар! Ресми ақпарат: Тамыздың 4-і мен 7-сі аралығында Израильдің Хайфа қаласында өткен «Wikimania-2011» конференциясының қорытындысы бойынша Қазақстандық «WikiBilim» қоры 2011-жылдың...

Сәлем, достар!

Ресми ақпарат:

Тамыздың 4-і мен 7-сі аралығында Израильдің Хайфа қаласында өткен «Wikimania-2011» конференциясының қорытындысы бойынша Қазақстандық «WikiBilim» қоры 2011-жылдың ғаламдық википедияшысы атағын иеленіп (Global Wikipedian of the Year), Википедияның негізін қалаушы Джимми Уейлстің (Jimmy Wales) арнайы грантын жеңіп алды. Wikimania - дүние жүзі википедияшыларының басын қосатын жыл сайынғы конференция. Әр жылда әр жерде өтетін конференция биыл Хайфада ұйымдастырылды. Оған әлемнің 56 елінен 700-ге тарта делегат қатысты.

«WikiBilim» қорының бұл жетістігі әлем википедияшылары арасындағы биылғы жылдың ең үздік нәтижесі деп танылды. Wikimania конференцияның жабылу салтанатында сөз алған Джимми Уейлстің айтуынша, қазақ Википедиясы қысқа мерзімде мұндай нәтижеге қол жеткізген бірден бір мысал. Осыны ескере отырып, жыл сайын тағайындалатын ғаламдық википедияшы атағына биылғы жылы қазақстандық «WikiBilim» қоры лайықты деп ұйғарылды.

Бейресми:

Ресми ақпаратты кішкене ысыра тұрып, конференция барысынан фото-есеппен бөліссек. Ескерту, фото көп, бірақ өте қызық...

Wikimania'11-дің бірінші күні. Рауан Кенжеханұлы Джимми Уэйлс және Тинг Ченмен бірге

Шараға халықаралық қатысушылардан бөлек Хайфа қаласының жас студенттері де қатысты

Конференция өткен Хайфа қаласындағы Бахай мұнарасы. Бахай діни ағымының орталығы

WikiMania өтіп жатқанда Израйльдің барлық қалаларында «Шатырлар митингісі» болды. Олардың мақсаттары – елдің экономикасындағы әлеуметтік міндеттелемелерді көбейту.

Конференция барысында израйльдық арабтар балама бағдарлама мен турлар ұсынып жүрді. Басы бірікпейтіндердің басын біріктірген конференция болды, енді...

Википедияға жазатындар жас ерекшелігіне де қарамайды. Олардың ішінде профессор да, жас оқушы да бар. Википедияда бәрі тең...

Өзбекстандық студент википедиашы - Қамарсино

Рауан Кенжеханұлы The Wikipedia Revolution кітабының авторы Эндрю Лимен бірге

Қазақ википедиасы "Әлемнің үздік википедиясы" атанды, Джимми Уэйлс өзінің грантын Wikibilim қорына табыстап жатыр.

Қазақ Википедиасының бітікшісі (бюрократ) Нартай Әшім каталония және грек википедиашыларымен бірге

Конференцияда осылай демалып отыратын сәттер аз болды, негізі :)

Хайфа қаласының тұрғындары әр сенбі сайын дәстүрлі музыкаға билейді екен :)

Қолымызы қылт еткенде Израйль қалаларын араладық...

Осылай, қазақ википедиясы өзінің алғашқы қадамдары арқылы әлемдік сахнада жақсы жағынан көрініп жатыр. Оған википедияға бір ғана болса да мақала салып жатқан белсенді, онша белсенді емес, қатысы бар википедияшылардың арқасында ғой деп ойлаймыз. Ендеше, белсендірек болайық. Википедия - әртүрлі сала мен бағыт адамдарының басын біріктіретін орта.

Оцените пост

2