Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M09 24
559
0
1
0

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1997 ЖЫЛ 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленді. Жыл бойы еліміздің тарихындағы көлеңкелі тұстарға айрықша назар аударылды...

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1997 ЖЫЛ

1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып белгіленді. Жыл бойы еліміздің тарихындағы көлеңкелі тұстарға айрықша назар аударылды. Тарихи зердені жаңғырту, тарихпен тәрбилеу арқылы жалпыұлттық татулықты нығайта түсу орайында көп жұмыс тындырылды. Қасіретті белестерде нәубетке ұшырағандар жасырын жерленген орындарды анықтау, анықталған қорым-зираттарды тиісті күйге келтіру, бастарына құлпытас-ескерткіштер орнату, бұрын орнатылғандарын күтімге алу, жазықсыз жазаланған боздақтар аруағына тағзым ету шаралары жер-жерде жүзеге асырылды. Содан бері қайғылы жылдар құрбандарына бағышталған мұндай шаралар жылма-жыл жалғасын тауып келеді. Сол жылы бекем негізделген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні елімізде жыл сайын әрбір 31 мамырда міндетті түрде атап өтіліп келеді (Қараңыз: http://www.abai.kz/content/ylttyk-apatty-erdaiym-este-ystau-manyzdy). Бұл шаралар саяси тұрақтылықты нығайтумен қатар, тарихи зердемізді қалпына келтіріп, тоталитарлық режимнің саясатының мағынасын айқындап берді.

Оцените пост

1