• 89655
  • 46
  • 10
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ит өсірдім, ол өзімді қапты

Жанұзақ Әкім

Осыдан екі жұма бұрын ұсынылған  «Қазақстан Республикасының тіл саясаты жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу» бұқаралық ақпарат құралдарының орталық тақырыбына айналды. ҚР Мәдениет министрлігі енгізген «2012 жылдан бастап мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді пайдалану және іс қағазды қазақ тілінде жүргізу» туралы норма негізінен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болғанымен ресейлік басылымдар мен республика ішіндегі орыстілді газеттер мен орыс тілді порталдар жоқ жерден шу шығарып, бұл Конституциялық нормалар «тіл және мемлекеттік төңкеріске әкеледі» деді.

Егер қазақ тілі 1989 жылдан бері мемлекеттік тіл болса, онда бұл нормалар неге төңкеріске әкелу керек? Оның үстіне бұл нормалар тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болса, яғни ол тәуелсіз мемлекеттің ішкі мәселесі ғана болса.

БҰҰ-ның 1992 жылғы классификациясы бойынша Қазақстан ұлттық мемлекет. Францияда француздар, Қытайда хань ұлтты сияқты Қазақстанда мемлекет құрушы ұлт – қазақтар.  Яғни бұл елде тұратын барлық диаспоралар қазақ халқының маңына топтасулары керек. Бұл ұлттық мемлекеттіліктің негізі, және ол елдің барлық азаматтарын біріктіретін идея болып табылады.

Сондықтан бұл заң жобасын сынауда құр эмоция шегінен шыққанымен, онда ешқандай логика мен нақтылы сараптау жоқ. Бұл заң жобасының қарсылар (оппоненттері) қандай негіз айтады? Олардың ойларынша Қазақстанда мемлекеттік тіл болмауы керек. Басқалай түсіндіру мүмкін емес. Біріншіден, олар бәрі бұрынғыша, Кеңес Одағындағыдай жетекші бір тіл болып, қалғандары құрдымға кеткенін қалайды (Кеңес Одағы кезінде  91 тіл немесе ұлт жойылды).

Қазақстанда тұрып қазақ тілін үйренгісі келмейтіндердің негізгі себебі мүлдем басқада. Ол империя ыдырағаннан 20 жылдан кейін де кейбіреулердің кәлләсінен шықпай жүрген посттоталитарлық синдром. Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы жоқ, бірақ сол Ресей «Еуропаның жандармы», ҚСРО – «зұлымдық империясы» болған дәуірді аңсайтын кейбір адамдар бар. Барлығымыз осы қатыгез қоғамнан шықтық, және психикасы дұрыс адам оған қайта баруды аңсамайды. Осыны бастан өткізгендердің барлығы осы посттотлитарлық синдромды жеңіп еркін қоғам құру үшін күресуіміз керек.

Елдің болашағын бұл шағын тобыр емес, қазақ, орыс, ағылшынғ араб т.б. тілдерді үйренуге құлшынып тұрған жастар жасайды. Оларды империялық та, шовинистік те, басқа да кемтарлық (комплекс) жоқ. Бұл еркін қоғам құратын еркін буын. Заманауи дамыған мемлекет құратын Қазақстанға (және ТМД-ның барлық елдеріне) осындай адамдар керек. Оған бәсекелестікке шыдамай күйреген ескі жүйе жарамайды. Көп нәрсе -мораль, құндылықтар, мақсат, экономика, мемлекеттік құрылым… алдымен адам өзгеруі керек. Қираған империяның орнына ескі принциптерге негізделген өркениетті мемлекет құрылғаны болған емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын сайлауда тек зейнеткерлерді көрген Г.Бельгер, «бұлар тірі кезде не дұрыс сайлау, не демократия болмайды» деген еді.

Осындайлардың дегенінде жүретін қорқақ билік ел мүддесін қорғайтын дұрыс заң қабылдап, Конституцияның кепілдігі бола алмайды. «Еуразия» тәуелсіз сарапшылар тобының 2008 жылғы деректері бойынша астанадағы шенеуніктердің 95%-ы қазақ тілін білмейді және мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге құлықтары жоқ деген қорытынды шығарған еді. Мемлекеттік тілді енгізуге алдымен осылар қарсы. Жұмыстан айырыламыз деп қорыққан олар күні-түні қызметтегі компьютерде отырып алып заң жобасын енгізуге қарсы анонимка жазады.

Егер Астанадағы шенеуніктердің (қатардағылардан бастап Премьер мен Президенттің көмекшісіне дейін) компьютерлерін екі күнге сөндіріп тастаса заң жобасына қарсылардың 70%-ға азаяды. Қалған  20% – ол болашақта оқырмандарынан айырыламыз деп қорыққан орыстілді БАҚ-дың иелері. Бір тәулікте бес мың қол жинаған осылар. Ит өсірдім өзімді қапты деген осы.

Жауды шеттен іздеудің қажеті жоқ! Ресейдің Сыртқы Істер министрлігі, тағы басқа ресми органдары ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл заң жобасына Ресейдің ешқандай қатысы жоқ. Бұл заң жобасының Қазақстанда тұрып жатқан орыстарға да қатысы шамалы. Себебі мемлекеттік қызметкерлердің 90% қазақтар. Бұл заң жобасы осыларға арналған. Ресейді құбыжық жасаудың қажеті жоқ! Президент Конституцияның кепілі ретінде және мемлекет қауіпсіздігіне жауап беретін бас қолбасшы ретінде заңның орындалуына қарсылық жасаған шенеуніктерді жазалап Конституцияның қағидаларының іске асуын қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тілге жасалған бұл қарсылық қоғамда (биліктің ішінде де) және оның сыртында Қазақстанның тәуелсіз ел болғанына қарсылардың бар екенін көрсетеді. Ондайлар өздерінің баспақтарын өсірудің орнына көршісінің сиырының өлгенін тілеп отырады. Ондайлар аз, бірақ бар. Мысалы, «Лад» қозғалысының Ресейдің кейбір бұзық топтарымен бірігіп Көкшетауда империялық бағыттағы ленталар таратқан акциялар өткізгендегі мақсаттары қандай? Ақмола облысының әкімшілігі мен құқық қорғау органдары осындай мемлекетке қарсы акцияларға неге лұқсат береді? Осындай ұйымдарды Құқық (юстиция) министрлігі неге тіркейді? Көп сұрақтардың жауабы шенеуніктердің жауапкерсіздігі мен биліктегі сыбайлас жемқорлықта жатыр. Қазақстан Халық  ассамблеясының жанынан құрылған осындай көптеген ұйымдар республикалық бюджеттен қаржыланады.

«Лад» қозғалысының жетекшісі Бунаков мырза бірнеше жылдан бері, «егер мемлекеттік тілді ендіретін болса біз елден кетеміз» дегенді айтып жүр. Бұл не? Реніш пе, көре алмау ма… Ренжісе, Қазақстанда 60 жыл тұрғанда қазақша 60 сөз білмейтініне ренжісін.

Біз Бунаков мырзамен әртүрлі жиындар мен дөңгелек үстелдерде жиі кездескенде, оны нағыз патриоттар – Бельгер, Лушникова, Осман… салыстырғанда тарих пен тұрған жеріндегі халықтың тілін, дәстүрін білмейтін, және өзінің тамырын білмейтіндерге адам тағдырын сенуге болмайтынына көзім жетті. Ондайлар, өздерінің қорқақтығын осындай популистік акциялармен жасырып жүргендер. Бұл тұрғыдан атаман Захаровтың көзқарасы мен ойлары біздің көптеген шенеуніктерден гөрі көш ілгері.

Республикалық бюжеттен қаржыланып, «Казахмыс» компаниясы, олигархтар және «кейбір керенаулардың» жебеушілігімен жүрген кейбір газеттер мен интернет порталдар қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге атсалысудың орнына, негізінен ұлтаралық мәселелерді ушықтыру, негізсіз сынау және мемлекетке қарсы акциялар ұйымдастырулармен айналысады. Соның арқасында біздің қоғам бей-берекет, ешқандай тәртіп жоқ «Обломовтың үйіне» айналып барады. Осындай БАҚ-ды салық төлеушілердің есебінен қаржыландыруды тоқтату керек.

Қоғамдағы барлық салалардың (экономика, философия, мораль, өнер т.б.) ішінде ең маңыздысы тіл екенін ғалымдар XIX ғасырда дәлелдеді. Сондықтан тіл барлық мемлекеттің даму стратегиясын айқындайтын негізгі құралы. Бұл тұрғыдан Үкімет ұсынған заң жобасы кеш болса да алға жасалған қадам болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей Шығыстың (Жапония, Оңт. Корея, Малайзия, ҚХР т.б.)  және Батыстың (Франция, Алмания, Англия т.б.) барлық дамыған және жақсы қарқынмен дамушы елдері тұрғылықты халықтың ана тілі, дәстүрі және мәдениеті негізінде дамыды. Ұлы реформалардың тәжірибелері көрсеткендей, мемлекет дамуында ана тіл шешуші фактор болып табылады. Үндістанның мемлекеттік тілі (және бұл ел үшін колонизаторлардың тілі) әлемде ең көп тараған ағылшын тілінің өзі бұл елдің экономикалық және стартегиялық дамуында, халқының бес пайыздан кемі ғана бұл тілді меңгерген ҚХР алдында басымдық бере алмай отыр.

Азияның бір климаттық және географиялық аймағында орналасқан Үндістан мен Қытай бір дінді (буддизм) ұстанады. 62 жыл бұрын бір уақытта тәуелсіздіктерін алған бұл елдердің тарихи тағдырлары да ұқсас. Үндістан мен Қытайды Гегель мәңгі елдердің қатарына жатқызады. Халық саны өте көп (Үндістан халқы 1,3 млрд адам, Қытайдікі- 1,45 млрд адам) болғандықтан оларды ешкім өздеріне қоса алмайды. Тарихта бұл елдердің жаулап алушылардың өздері белгілі уақыттан кейін ассимиляцияға ұшырап отырған. Бұл елдердің негізгі айырмашылықтары: олардың мемлекеттік тілдерінде. Осы айырмашылық ҚХР-на экономикалық және әлеуметтік дамуда басымдылық беруде.

Географиялық орналасуы, рухы, дәстүрі және дүниетанымы жағынан Батыстан әлдеқайда алыс тұрған Жапония ешкімге еліктемей-ақ және өркениетті елдер мәдениетін трансформацияламай-ақ, өзінің ана тілі мен ұлттық дәстүрінен безбей аз уақыт ішінде дүниежүзінде алдыңғы қатарлы елдердің бірегейі болып шыға келді. Тіпті, Батыс Еуропаның өзіне үлгі болатын жағдайға жетті.

Жапонияны алдыңғы қатарлы индустриялық мемлекеттердің қатарына қосу туралы XIX ғасырдың аяғында қабылдаған бағдарлама жапон тілі мен жапон менталитетіне негізделген. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталып, әлемді таңқалдырған “жапонияның таңғажайыбы” осы халықтың өзіне ғана тән қайталанбас құбылыс болды. Халықтың тілі мен менталитетіндегі ерекшеліктерге сүйеніп, ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар атом бомбасы зардаптары мен екінші дүниежүзілік соғыста күйрей жеңілгеніне қарамастан қысқа уақыт ішінде экономикасы шығарған жалпы өнімнің мөлшері жөнінен әлемде үшінші, әр адамға шаққандағы еңбек өнімі және адам өмірі ұзақтығы жөнінен дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Жапон экономикасының тірегі автомобиль өнеркәсібі мен электрониканың әрқайсысындағы (әлемдік нарықтағы үлесі 30-33%) және жаңа технологиядағы үлесі -25%.

Сондықтан біз Ресейдегі негізгі тіл орыс тілі сияқты, Қазақстандағы негізгі тіл қазақ тілі екенін түсінуіміз керек. Бұл баламасы жоқ аксиома. Біздегі тіл саясатында әлі күнге көп мәселе шешілмеген. Кейбір деректер бойынша биылғы жылдан бастап бала бақшалары мен бастауыш сыныптардан бастап тәжірибе ретінде бір уақытта үш тілді қатар үйрену енгізілген. Мұндай тәжірибеден үшбасты мутант-космополит шығуы мүмкін. Педагогика ғылымы ондай тәжірибені білмейді. Бұл білімсіздердің ғылымға кереғар істеп отырған тәжірибелері. Педагогика ғылымының деректерінде керісінше бала алдымен 12 жасқа дейін ана тілінде тәрбие алып қалыптасқаннан кейін екі және одан да көп тілді үйренуге болады. Ағылшындарда, «бала тәрбиесі ол дүниеге келгенге дейін жүз жыл бұрын басталады» деген мақал бар. Яғни бала тәрбиесінің негізі ана тілі, тарих, және ұлттың мәдениеті мен дәстүрі болып табылады. Қалай болғанда да бала 12 жасқа дейін ана тіліің ортасында тәрбиеленуі керек. Ал, Шығыс даналығы, «Балаға қандай тәрбие беріп жатқанға қарап, халықтың жүз ұрпақтан кейін қандай болатынын анықтауға болады» дейді. Дұрыс тәрбие – ол мәңгі мемлекет құрудың іргетасы және елдің болашағы осыған байланысты. Сондықтан біз болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қателеспеуіміз керек..

2008 жылы «Қазақстан 2030» стратегиясына үштілдідік деген бап енді. Бұл жаңалықтың авторларының өздері бұл стратегияға, ал олардың ойлары іске асып жатса ел болашағына қандай бомба салғандарын түсінбеген сияқты. Мұндай қалаймақандық «шариков» пен «швондерлердың» ойларына кірмеген еді.

Өз мақсатына жетуге бара жатқан керуен-үкімет  әрбір үрген итке тоқтамайды. Оның үстіне бұл заң жобасына ешбір үкімет, не халықаралық құқық қорғау не басқа ұйымдардан наразылық білдірген ешқандай мәлімдеме болған жоқ және болмайды. Себебі ол ешкімнің құқығына кесел келтірмейді. Бұл өркениетке жасаған қадам және тәуелсіз елдің ішкі ісі.

Егер Үкімет саяси жезөкшелердің айтқанымен жүретін болса, онда өзі де сондай болады. Үкіметтің бүгінгі принципсіз және берекетсіз істері, оның қарапайым мәселелерді шешудің орнына  жоқ жерден қажетсіз мәселелерді туғызатынын көрсетеді.

Ол тек осы заң жобасы ғана емес, кен орындары мен стратегиялық нысандарды жұмыс істетудің орнына Қытайға сату, мұнайшылардың шешілмеген мәселелері, Ақтөбе облысындағы бейбіт тұрғындармен құқық қорғаушылар арасындағы қарулы қақтығыстар, тауарлардың негізсіз қымбаттауына тосқауыл қоя алмау…  Сондықтан қоғам, Үкіметтің әртүрлі ертегілеріне сенуден қалды. Бұл заң жобасы бойынша Үкімет жоқ жерден қоғамды дүрліктірмей Конституциялық нормаларға сай келетін Мәдениет министрлігі ұсынған нұсқаны қалпына келтіріп қабылдау керек. Егер оны шеше алмаса, онда жұмыстан (отставка) кету керек!!!

Ал, қоғамдағы балық прогрессивті күштер, олардың ұлтына, нәсіліне, тегіне т.б. қарамастан елде экономикасы дамыған демократиялық және еркін қоғам құратын идеяларды қолдаулары керек.

http://www.namys.kz/?p=5744

23 сентября 2011, 12:27
803

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8325
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2864
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3030
  • 37
Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

После тех громких и пугающих событий, которые произошли год назад, всем в Казахстане стало понятно, что от работы спецслужб зависит в нашей жизни действительно многое.
openqazaqstan
14 июля 2017 / 9:55
  • 2402
  • 25
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2413
  • 30
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 1908
  • 17
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2045
  • 9
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2109
  • 15