Қазақ тілі үшін не істей аламыз?

GenSAN 2011 M09 17
347
0
2
0

Өзіміздің ана тіліміз туралы, кейінгі кезде, дау-дамайлар жиілеп кеткенде, қарап отыратын жағдайымыз жоқ екені анық. Осы мәселе жеке бір топтар арасындағы полемика ғана емес, баршамызға тиіп-кетері...

Өзіміздің ана тіліміз туралы, кейінгі кезде, дау-дамайлар жиілеп кеткенде, қарап отыратын жағдайымыз жоқ екені анық. Осы мәселе жеке бір топтар арасындағы полемика ғана емес, баршамызға тиіп-кетері бар, күллі халықтың проблемасы екені рас. Бұл жерде халық деп қазақты ғана емес, қазақ жерін пана қылған өзге ұлт өкілдерін де меңзеп отырмын. Қазақстандық екеніміздің, көлемі жағынан ең үлкен мемлекеттің азаматтары екеніміздің дәлелі тіл мен мәдениет. Жоғалып кету қаупі бар тілдердің ішінде қазақ тілінің бары шошытады. Тіл мен мәдениетсіз инвестицияға қолайлы, ірі шикі зат көзі бар соқыр-мылқау ел атанатынымыз рас. "Қазақстан!" деп шарқ ұрып, кеуде соққаннан пайда аз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, іске кірісетін уақыт жетті ағайын.

Оцените пост

2
Дальше