Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:03, 13 сентября 2011

Әлішер Каримов Атырауға түкіріп кетті!

Атырау халқы бір айға жуық бойы қаланың барлық көшесінде жаулап кеткен Әлішер Кәрімов атты әншінің жарнамасын жаттап алған болатын. Бағасы 1500-3000 теңге көлемінде тұратын билетті де дымын қалдырмай сатып алыпты жергілікті жұртшылық. Бірақ...

Шын өтірігін кім білсін, концертті ұйымдастырушының берген ақшасын місе тұтпаған Әлішер Каримов Атырауға таңертең келіп, кешкісін кері қайта ұшып кетіпті. Сондағы сылтауы: "Мен "фанерамен" айтатын қуыршақ емеспін. Дайындалу үшін кемінде 2 сағат уақыт керек..." т.с.с. Бұл туралы хабарлаған Caspionews осы кешті ұйымдастырған, әншіні продюсерімен қоса Атырауға келгенше ұшақпен қамтамасыз етіп, қонақүйден жатын орын дайындаған, билет дайындап, сатып, жарнамасын қолға алған және Махамбет ат. драма театрын жалға алған Айнагүл Қабиеваның қып-қызыл шығынға батып отырғанын, ал Әлішер Кәрімовтың өзімен қоса бүткіл Атырау халқын тақыр сазға отырғызып кеткенін жеткізді.

Оқиға орнында болған тілшінің айтуынша, концерт тамашалаймыз деп барып тақыр сахна көріп қайтқан көрермендер билікті, ұйымдастырушыларды, әлішерді, сондай-ақ бүкіл қазақ эстрадасы мен шоу-бизнесін айыптап отыр.

0
472
0