Таңертеңгі

Қайырлы таң!  Сіз ерте тұруға қалайсыз? Мен бүгін таңғы сағат 6.00 кезінде қалада жүрдім. Таң қандай тамаша! Айнала тып- тыныш. Жолда көліктер әлі аз. Бірен- саран жұмысқа асығушылар болмаса...

Қайырлы таң! 

Сіз ерте тұруға қалайсыз? Мен бүгін таңғы сағат 6.00 кезінде қалада жүрдім. Таң қандай тамаша! Айнала тып- тыныш. Жолда көліктер әлі аз. Бірен- саран жұмысқа асығушылар болмаса, негізінен адамдар әлі ұйқыда. Ал ауаны айтсаңызшы! Дамылдап қалған таза ауа. Қалада өте сирек болатын жағдай. Тыныштық пен таза ауа... Мен өзіме бір алаңқай тауып алып, көгершіндердің арасында отырдым. Олар жерден бірдеңе тауып жеп жүр. Әттең, суретші емеспін. Сол сәтті әдемі пейзаж етіп қағаз бетіне түсірер ме еді?

Менің ойыма бір жаңа өлең жолдары келді. Аяқтап жазған кезде толығымен сіздерге көрсетермін. Әзірше мынау бастапқы жолдары:

Мен қазақтың әнін сүйем әуенді

Жаймен келіп толтыратын әлемді.

Буырқанып құйылатын төбеден,

Шымырлатып санаңды да денеңді!

 

Неге ән туралы дейсіз ғой? Таң ата көлікте отырып "Жігіттер" квартетінің "Айқаракөзін" тыңдап едім. Содан қалған әсер ғой. Мен шынымен қазақтың әнін сүйем!

Оцените пост

0
Дальше