Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
07:59, 11 сентября 2011

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ 1 МАМЫР

1995 жылдың 18 қазанындағы Елбасы жарлығы бойынша осы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып белгіленді. Қазақстан Республикасы саясатының негізгі басымдықтарының бірі ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау болып табылады. 2010 жылдың 1 мамырындағы мерекелік концерттегі сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Біздің еліміздің барлық жетістіктері – бейбітшілік пен келісімге байланысты. Әлем ұлтаралық және конфессияаралық түсініспеушіліктерге байланысты апаттық зардаптар мысалына толы. Бейбітшілік пен келісімді біз тәуелсіздік жылдарында құрдық», - деген болатын. Жалпы Ресей Федерациясында Бірінші мамыр еңбек күні, көктем күні, көктем мен еңбектің мерекесі деп аталып өтсе, КСРО кезеңіндегі еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күнін бүгінде әлемнің 142 мемлекеті мән береді. АҚШ, Жапония, Австралия және Жаңа Зеландия еңбек күнін басқа айларда мерекелейді. Бірінші мамыр күні Гавай аралдары Гавай билерінің күндерін, Канада балпақ күнін, Корея Будданың туған күнін, АҚШ лоялдылық, балалар денсаулығын қорғау, құқық күндерін, Франция меруертгүл (ландыш) күнін атап өтеді.

1
206
0