• 48248
  • 54
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өмірбек БАЙГЕЛДИ: БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ БІРЕУ, БІР АРНАМЕН АҒАМЫЗ

Platon.kz - Қандай елдегі де ішкі тыныштық оны мекен еткен халықтар татулығына байланысты болмақ. Ал бұл көп ұлтты мемлекет үшін ауадай қажет іс. Бұл бағытта біздің елімізде Мемлекет басшысының дінаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі айрықша көрінеді. Оған  экономикадағы, мәдениеттегі, құқық қорғаудағы жалпы ішкі, сыртқы саясаттағы көптеген жетістіктеріміздің әсері мол болды деп толық айтуға негіз бар. Дегенмен, жау жоқ деме, жар астында дегендей, осы жетістіктерімізді, тыныштығымызды көтере алмайтындар да баршылық. Осы орайда біз Парламент Сенатының депутаты, белгілі қоғам қайраткері Өмірбек БАЙГЕЛДИМЕН мемлекеттің көпконфессиялық қоғамда да дінге сенушілердің зайырлы дағдыларына құрметпен қарау қажеттілігі туралы, алға қойған ізгілікті істері жөнінде, ұлттық мәдениет, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киім ерекшеліктері және тарихи құндылықтарымызды құнттау жөнінде кеңінен әңгімелескен едік. Енді соған назар аударайық.

***

– Өмірбек Байгелдіұлы, қазір әлемнің қай түкпіріне көз салсаңыз да тыныштық жоқ. Түрлі халықтар арасындағы шиеленіскен дау-жанжал, қырғи қабақ, атыс-шабыс ешуақытта толастамайтындай көрінеді. Мұның бәрінің өзіндік себептері бар екені анық. Осы орайда біздің еліміздегі тыныштықтың басты кепілі – ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және дұрыс таңдалған экономикалық стратегия деп білеміз. Бұл, сөз жоқ, ең әуелі Елбасының, мемлекеттің ұстанған бағытының оң екендігін көрсетеді.

– Иә, біздің халқымыз қашанда бейбітшілікті, татулықты, сыйластықтықты жақтаған ел. Өзгеге қол ұшын беру, жығылғанда жәрдемдесіп тұрғызу, қиын-қыстау кезеңде көмектесу, бір тілім қара нанды бөліп жеу ата-бабамыздан қалған қасиет. Қазақ халқының да басына талай нәубеттер түскені белгілі, бірақ мойыған жоқ. Ақыры біз аңсаған тәуелсіздігімізге жеттік. Бірақ тәуелсіздігімізді алу да, оны ұстап тұру да оңай емес, өйткені дүниенің төрт бұрышында, өзің айтқандай, тыныштық жоқ екені рас. Міне, осы орайда Мемлекет басшысының дұрыс саясаты ғана халқымызды тығырықтан шығарып отыр. Яғни, Елбасының жүргізген сындарлы саясатының арқасында ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім және дұрыс тандалған экономикалық бағыт елді биік асуларға бастауда. Оның нәтижесі 140 этнос пен 46 діни конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстанның тәжірибесі деп білемін. Бұл – қазақ еліндегі мұсылман жамағатының орнықты ағартушылық ислам үлгісін ұстануының мәуелі жемісі болып табылады.

– Дегенмен осы тыныштығымызды көре алмағандықтан ба, әлде «біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегендей, астамшылдыққа салынғандықтан ба, қайсыбір теріс ниетті жандардың жаманшылықты шақыратын түсініксіз әрекеттері көрініп қалып жүр. Бұл дәстүрлі ұлттық құндылықтар бағытынан ауытқыған жол қайда апарады?

– Үнемі дамып отыратын мемлекет, іргелі ел болу үшін қашанда көп нәрсені білу қажет. Көп нәрсені зерттеу керек. Бұл жағынан алғанда мен өмірді көп жылдан бері терең зерттеп келе жатқан кісілердің бірімін. Кейбіреулер осы өмір туралы зерттеулерімді көріп, әңгімелерімді тыңдап, осының не керегі бар деп қарсы сұрақ қояды. Ал оның нақты керек екенін, міне, өмірдің өзі көрсетіп берді. Өйткені, өмір сүру үшін сол өмірдің өзінен сабақ алу керек. Мысалға, осының алдында сіздердің газеттеріңізде «Қазағым, қайда барасың?» деген мақала жазғам. Оны еріккенімнен жазбағаным тағы белгілі. Елге бір сынақ келе жатқанын сезіп, бір қиыншылық болатынындай, елдің бұрынғы бағыты ыдырай бастағандай көрінгеннен кейін, жүрегіме қорқыныш ұялаған соң амалсыз қолыма қалам алғам. Ел түсінсін, соның ішінде, әсіресе, жастар түсінсін, адаспасын деп сөзімді соларға арнадым. Енді елдегі қазіргі жағдай сол менің көңілімдегі күдіктердің растығын, ақиқаттығын айғақтап берді.

– Абай атамыз адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқан соң деген екен. Ендеше кейбір жастарға әлі де кеш болмай тұрғанда кесірлі кесапаттан арылып, дәстүрлі құндылықтарымызды құнттауымыз қажет деп айтқан жөн шығар?

– Ия, солай. Әрине, дінге сену керек, алайда шектен шығу әбестік. Ислам деген сөз - бейбіт өмір деген сөз. Әр адам Аллаға жеке өзі сеніп, табынуы, ғибадат жасауы парыз. Бұл сауабы мол жөн іс. Ал енді ұйым құрып, қорқыныш туғызып, халыққа, елге, мемлекетке қауіп төндіру үлкен күнә. Күнә болғанда да оның ең ауыры. Қан төгіп, өздерін жазым етіп жатқандардың ислам өкілімін деп айтуға хақылары жоқ. Олар бейбіт өмір дінінен тамырын үзген адамдар. Бір ағымдағыларда өз әке-шешесіне, ағайын-туысқандарына менің жолыма түс, әйтпесе сен харамсың деп сөз айтатындар пайда болды. Бұлар мұндай сөзді өз туған анасына да шімірікпей айтады екен. Енді осындайға барған адамдарды қалай түсінуге болады? Сол кісілер анасының құрсағынан жарық дүниеге шықты ғой. Ол анасы харам болса, онда сол анасының денесінен шыққан оның өзі қандай? Харамнан адал жарала ма? Тіптен ақылға қонымсыз түсінік қой. Сондықтан олардың бағытын не деп атамасын және олардың қазір аты өте көп, ол жоғарыдан түскен ілім емес, ағым емес, мұның бәрі қитұрқы саясаттан шыққан, бір жерлерде жиналып қалған ессіз қара пейілділердің әрекеті. Олар кейбір адамдарды ақшамен айналдырып, елге кірді. Демек, әр адамға бұдан сақтану қажет. Халықтың құқығы бар дейміз. Ол құқық Алланың адал жолымен жүру деген сөз. Ал кім көрінген ойына келгенін жасауға құқы жоқ. Осындай теріс жолдардан сақтану үшін қазіргі күні біздің елде біраз игі өзгерістер іске асып жатыр. Ислам Конференциясы болып өтті. Дін істері жөніндегі агенттік құрылды. Діннің түрлі қырларын зерттеу орталығы құрылмақшы, т.б. Бұл халықтың жақсылыққа сенуіне, қауіптен сейілуге, болашаққа үміттенуіне жол ашады. Бұл Президент саясатының дұрыстығы деп ойлаймын.

– Өзіміздің ұлттық киім ерекшеліктеріміз туралы не айтар едіңіз?

– Бұған айтарым, бізде сырттан келген әдеттерді, соның ішінде бір елдердің киімін исламның киімі деп тықпалап жатқан жәйлар бар. Исламның киімі деген киім жоқ. Исламда мұсылман дініне сенетін алуан түрлі мемлекет бар, халық бар. Олар әр қайсысы өзінің киімімен, өзінің ұсқынымен, өзінің болмысымен жүр. Ал енді кейбір жақта сақал, мұрт шықпайтын халықтар да бар. Олар не істейді, егер тек сақал шығарып жүру қажет болса. Қолдан жасап ала ма? Мына Ауғанстанда әйелдерге түгел дерлік қап кигізіп қояды. Олардың екі көзі алдында  жарық сәулені көруге мүмкіндік берілгендей ғана торланған сызат бар, болды. Ал енді соларды мұсылмандықтың ең дұрыс жолында жүргендер деп айтуға бола ма? Бұл әсіре сілтеу.

Әрине, біздің халқымызда да қара жамылып, аза тұтыну ілгеріден келеді. Бірақ оның да шегі бар. Қырық күн тұтады, әрі кетсе бір жыл. Содан кейін біздің елдің тәртібі бойынша аза тұту тоқталады. Ал енді бұл қара киімді кию шетелде қайдан шықты? Қара киім шиіттерден бастау алды. Шиіт Әзіреті Әлінің баласы Хұсейін бір соғыста  19 жасында қаза тапты. Соған Әзіреті Әлі қатты қайғырды. Ол қатты қайғырған соң оның сардарлары, сарбаздары, соңынан ергендері бәрі қоса қайғырды. Міне, осы қайғырудан кейін сол қара киімді, қара жамылып аза тұтуды тоқтатпай келеді. Содан бұл дәстүрге айналды. Мақұл, олар не істесе - соны істесін делік, өйткені өз халқының өкілі. Ал енді біздің халқымыз содан 1400 жыл өткеннен кейін барып, қайғырып аза тұтатындай не жөні бар? Оны қалай түсіндіруге болады? Сол азаматтың қайғысына бүгіннен бастап аза тұтамыз ба сонда? Мұхаммед пайғамбардың өзі 63 жасында дүниеден озды.  О кісінің өліміне мұндай аза тұту жоқ. Ал неге оның жиенінің қазасына осылайша аза тұтылу керек? Осыны жастарымыз ойламай ма? Бұл қайдан шыққан нәрсе деп зерттемей ме? Құр әуейленуге болмайды ғой.

Демек, бұл бізде өмірі болмаған әдет. Біздің халқымыз әу бастан әдемі киінетін халық. Бетін ешуақытта жаппаған. Одан оларды бұзылған деуге негіз жоқ. Алла олардың жүрегіне шыдам берсін дейміз. Нәпсісін тыя білсін. Бұзылған жолдан өздерін аулақ ұстасын. Осыдан артық не керек? Ал егер жүрегінде жаман ой жатса, оны он мәрте қаптап қойсаң да өзінің істейтінін жасайды. Ондайды басқа елдерден мысалға келтіруге болады. Соған қарамастан кейбіреулер хиджаб кию керек дейді. Оның арғы түбінде араб сахарасында, күні күйіп, құм дауылы соғып тұрған жерде шыққанына, бет-ауызды тұмшалауға тура келгендіктен киілгеніне ой жіберіп жатпайды. Жақсы, кисін делік. Оны халықтың қанша пайызы киер еді. Кие алмайды. Өйткені, біз көп ұлтты мемлекетпіз. Біздің арамызда өзге этностар, басқа дін ұстанушылар бар. Тіпті өзіміздің қазағымыздың өзі соған көшер ме еді? Жоқ, көшпейді. Сондықтан мұндай жолға түспеу керек деп ақылға шақырамыз. Біз үстіге орануға артық матаны аяп отырған жоқпыз. Халық бірдей болсын, біркелкі киінсін, біртүрлі жүрсін, бірақ жүректері таза болсын. Аузында Алласы болсын. Осыны қайсыбір адамдар ойламайды. Аздаған адамдардың жоғарыда айтылған киімдерді кигеніне мәз. Біреулер оны шеттен әкеліп көбірек сатылғанына мүдделі, сол үшін де уағыздайды. Ол дүкендерді мен өзім аралап көрдім. Олардың иелері баюды ғана ойлайды, алайда сол үшін келешекті құрбан етуге болмайды ғой. Бұрын қыздарымыз бөрік киген, тақия киген. Екі бұрымын еркін төгілдіре тастап, шолпыларын сылдырлатып жүрген. Оның несі дінге қарсы? Демек, біздің өзіміздің ұлттық сәнді киім үлгілеріміз бар, соларды кисін. Мен соншалықты дінге берілгенмін деп мақтануға болмайды. Адам дінді мақтаныш үшін ұстамайды. Адам өзінің жаны үшін, өзі үшін дінге сенеді. Біреулер мен пәленбай рет қажылыққа бардым деп сөйлейді. Жүз рет барса да қабылданбауы мүмкін, егер жүрегі таза болмаса. Мен мешіт тұрғызып, әкем атын бердім деп мақтанады. Оу, Аллаға жасалған нәрсені айтуға болмайды. Қайыр садақаның өзін жасырып, адамды төмендетпей беру керек. Сонда ғана садақа қабыл болады.

– Дін істері жөніндегі агенттік құрылуының өзі де осы бір түйткілді мәселелердің шешімін табуға, түсінбестікті реттеуге, сөйтіп дәстүрлі дінімізді дұрыс қабылдауға бағытталып отыр ғой.

– Ислам діні дамиды, ол әлі өркениеттің төрінен орын алады. Оны дамытпай отырған экстремистер. Солар халықты үрейлендіріп тұр. Дәстүрлі дініміз мейірімділіктің, жылылықтың, әділдік пен адалдықтың негізін уағыздайды. Бұл дінді уағыздағанда да оны айтқан адам ерекше мейірленіп, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгілуі керек. Ол адам тек жақсылық ойлайтын, жасы келген, көпті көрген, білімді, білікті мейірімділік қасиеттерге бай болса тіпті дұрыс. Кейде теледидарды қосып қалсаң біреулер кіжініп тұрып, көзі бадырайып тұрып сөйлейді. Өйтіп уағыздамайды. Ешкімді қинап мұсылмандыққа қоспайды.

– Ішкі дағдарыс, бір жақты тәуелділік, жастар мәселесі және басқа да түйткілді жайттар бірқатар елдерде бұрын-соңды болып көрмеген дүрбелең туғызды. Мұның да өзіндік нақты себептері бар-ау.

– Ия, осы дүниелерді дұрыс түсінбейтіндер арасында, шеттен оқып келгендердің ішінде баладан бастап қартқа дейін барлығына Құранды терең оқытып, тұтас жаттатқызамыз дейді. Ондай мақсат қойып керегі жоқ. Өйткені, Мұхаммед пайғамбарымыз Құран хадисінде «Ешнәрсеге, тіпті дінге де шектен тыс берілмеңдер» деп айтқан. Ондай фанатизмді халыққа тықпалаудың қажеті шамалы. Бәрің Құранды жатқа білулерің керек деген ой қазіргі шатақ шығып жатқан елдерден келді. Ол елдердің басшылары халқын әдейі оқытпай қойды. Тек дінді оқисың, басқаға көңіл бөлмейсің деп үйретті. Мұның да шегі бар екенін өмір көрсетті. Бәрі көшеге шықты. Енді қантөгіс болып жатыр. Ол елдердің тәртібі бізге үйлеспейді. Олар шариғатпен жұмыс істейтін діни мемлекеттер. Ал біз, Конституциямызда жазылғандай, зайырлы мемлекетпіз.

Қазақ халқы - кең пейілді, дархан көңілді, жаны жайсаң жомарт. Жерімізде тұрып жатқан өзге халықтың өкілдері де кезінде тағдырдың жазуымен осында келіп өсіп, өнді. Біз ол адамдарға кең пейілділігімізді әлі де көрсетуіміз керек. Ол халықтардың ешқайсысына да қысым жасалмауы тиіс. Мен жуықта Арменияға барғаным есіме түсіп отыр. Қонақ үйде сәресіге тамақ сұрайын десем орысша түсінетін бір адам таппай қойдым. Онда 3100 ғана орыс бар екен. Көшесінде бірде-бір әріп орысша жазылмаған. Ал біздің елдің ұстанған бағыты бойынша бірде-бір ұлттың өкіліне ондай жайсыздық туындамауы керек. Алайда олар қазақ халқының тіліне, діліне, дініне, теріс ықпал жасамауы тиіс. Қазақ халқы мемлекет құрушы халық, өзінің ата мекенінде отыр. Оның басқа баратын жері жоқ. Сондықтан осы елде оның тілі, діні жұмыс істеп, әдет ғұрпы, мәдениеті дамуы керек. Әрине, өзге халықтардың  да мәдениетін сақтап, дамыту арқылы өз халқымыздың ілгері тарихын өзіне қайтаруымыз басты міндет. Өткен тарихымыздан ажырасақ біз тамырынан қырқылған шөп сияқты қаңбаққа айналамыз.

–  Дәстүрдің озығы бар тозығы бар дегендей, біздің халықтың бұрынғы дәстүрлері де озық болды ғой. Татулығымыз, кеңпейілділігіміз, қонақжайлылығымыз тіптен шексіз.

– Қазіргі көп дәстүрлеріміз ықылым заманнан бар. Ілгеріден қазақтар зерек, білгір халық болған. Мемлекеттің қазіргі бағыты өте дұрыс.  Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, әрбір ұлттың мәселелерін көтеріп отырған әлемдегі бірден-бір елміз. Бұл біздің халықтар достығына, өзге этностардың жергілікті ұлтпен бірдей дамуына, өсіп, өнуіне өте жоғары мән беріп отырғанымызды білдіреді.  Мәселен, Малайзияда малай халқы аз, бірақ барлығы малай тілінде жүргізіледі. Малайлар тұтастай билікте. Сингапурдегі малайлар тіптен аз, бірақ соның өзінде малайлардың орны биік. Мен сонда өзге ұлттардың өкілдерімен сөйлесіп көрдім: осындағы өмірлеріңе, тұрмыстарыңа ризамысыңдар деп сұрадым. Ризамыз дейді. Тәртіп жақсы, ешкімді кемсітушілік жоқ, мол табыс табамын, жақсы тұрамын, мені ешкім басқа ұлт деп шеттетіп жатқан жоқ, дейді. Міне, осындай ниеттері үшін бұл мемлекеттер көктен қолдау тауып, дамып жатыр. Бізге Мемлекет басшысы айтқандай, бірлік, татулық, тыныштық өте қажет.

– Дін ұстануда теріс жолдарды тықпалау жақсылыққа апармайтыны тарихтан да белгілі. Ал дәстүрлі діндеріміздің ғибраты адамды имандылыққа жетелейді.

– Белгілі бір діндер көктен түскен. Міне, осы негізгі діндерге жол ашылуы керек. Өзге діндерге біздің қарсылығымыз жоқ дегенде біз осы діндерді ғана атаймыз. Олар негізгі діндер. Және бәріне бірдей қойылар талап осы діндердегі адамдармен ғана жұмыс істеу. Өзге діндердегі адамдарды қатарларына қосу үшін көшеге шығып, үй үйді аралап қағаз тарату, басын айналдырып тарту, сатып алу күнәкарлық іс. Дінді осылай тарату қажет деп ешқашан айтылмаған. Мұның бәріне тыйым салыну қажет.

– Ал дәстүрлі мәдениет ерекшеліктері туралы не айтасыз?

– Мәдениеті дамымаған халық халық емес. Біздің халықтың мәдениеті әлімсақтан келе жатқан құнды мәдениет. Біздің мәдениет шексіз, керемет мәдениет. Мәдениет дегеніміз тек өлең айта білу емес, өмір, тіршілік, тұрмыс, салт-дәстүр және т.б. Үлкеннің алдын кеспеу, үлкенге сәлем беру, үлкенді сыйлау, төрге шығару, құрмет көрсету –  мәдениеттің төресі. Мәдениет дегеніміз адамды сыйлау. Мейірімді болу. Сонда үлкен де, кіші де батасын төгеді. Батаменен ел көгереді деген бос сөз емес. Бата деген оң аура. Ол адамға күш қуат болып қосыла береді. Ал ұрыс, реніш керісінше қара энергия болып жиналып, жанды қинайды. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген. Үйіне келген қонақты қазақ «қырықтың бірі – қыдыр» деп төріне отырғызып қояды. Ондай дәстүр басқа халықта бар ма, болса да мұндай емес. Демек, бұл ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтарын сақтауымыз керек. Кезінде ауылда есікке құлып салынғанда айнала жұрт күлетін. Ал қазір қос-қостан құлып ілетін болды. Біз мәдениетіміздің өміршеңдігі мен келешегі жағынан озық халықпыз. Ілім, білім бәрі бізде болған, бола да береді. Алайда, соған өзіміз де лайық бола білуіміз керек. Тарихымыздың барлығы құрып кетті, жоқ болып кетті деген сөздердің бәрін кеше ел тура қабылдайтын еді. Дәл бүгін ондай әңгіме шыңдыққа сәйкес келмейді. Бұл дүниеде ештеңе де жоғалмайды.  Барлығы да сақталады. Бірақ оны тек тауып, зерттей білу керек. Өйткені,  біздің тарихымыз тереңнен бастау алады. Тізбектеліп, тізіліп тұр. Оны үзбеуіміз керек, бір тұсын үзсек әрі тереңдей алмаймыз.

Біреудің жазып берген тарихын, былай жаз деп біздің адамдарға жазғызғандарын бүгін шындық деп келешек ұрпаққа оқыту күнәмен бірдей. Өз ата-бабамызға өзіміз зиянымызды тигізбей, тарихымызды мүмкіндігінше ашуымыз керек. Ол ақиқатты ашпай біздің халқымыздың тамыры терең болмайды.  Халық әлсіз болады. Оны білмеген ұрпақ ел намысын қалай жыртпақ? Неге бүгін патриоттық туралы көп айтамыз? Үлкен адамдарда патриоттық бар, кейінгі ұрпақта аз. Олар түп тамырын білмей, өзінің кеудесі мақтанышқа толмай, рухы көтерілмей патриот болмайды. Бұл үлкен проблема, мемлекет келешегін осы патриотизм де шешеді.

– Этносаралық және дінаралық байланыстардың барлық аспектілерін зерттейтін қуатты орталық құрылса оның пайдасы зор болатын шығар?

– Иә, мен өзім де бұл артық болмайтын шығар деп ойлаймын. Осы салада кездескен қиын түйіндерді шешуге көмек береді. Елге түсіндіріп беретін бір ортаның болғаны дұрыс. Онда таза, есті адамдар отырса, ешқайда бұра тартпайтын, артық сөз айтпайтын, адал, әділ дегендей. Ол әр діннің өз ерекшеліктерін зерттеп, дұрыс түсіндіреді. Әр діннің ерекшеліктерін ешкім жоққа шығара алмайды.  Өйткені, ол өткен дүние. Бірақ солардың ішінде де ұқсас жәйттар бар. Соларды пайдалану арқылы араны жақындата түскен дұрыс. Мен Израилге барғанымда барлық пайғамбарлардың басында болдым. Сондағы адамдар өмірдегі қайшылықтар туралы сөйлейді. Сонда мен айттым, сендер бір-біріңмен соғысып жатырсыңдар, ал пайғамбарлар ана дүниеде бірге жүр. Қалай? - дейді. Қалайы несі, пайғамбарлардың бәрі жұмақта, ал жұмақта олар соғысады дейсіз бе? Бұған, әрине, түсінген адам тоқтайды.

– Жастарды еліміздің толерантты патриоттары етіп тәрбиелеу осында тұрып жатқан әрбір этнос өкілдерінің де  басты бағыттарының бірі болуға тиіс қой.

– Ол өте дұрыс. Жастардың тарихты білгені, ата- бабаларымыздың дәстүрлерін сақтағаны керек. Дәстүрлеріміз үзіліп қалмаса екен деймін. Ата-баба дәстүрлерін ұстансақ басқа халыққа деген жүректе жаман ой болмайды. Мәселен, Еділ батырға Византиядан бас уәзір Харлампи өздерін жаулап алмасын деген өтінішпен келіп, алайда ебін тауып өлтірудің амалын іздеп жүргенде, Еділ батырға қызмет ететін бір гректі кездестіреді. Оны көрген Харлампи: «Сен мұнда неғып жүрсің, бұлар бізге дұшпан ел ғой?» дегенде, анау: «Жоқ, бұл әділетті ел. Ал, біздің еліміздегі заңдардың бәрі жоғарыда отырған адамдарға ғана қызмет етеді, солардың мүддесін ғана қорғайды, мұнда, бұлардың тәртібі бойынша, барлық адамдарды бірдей қорғайды. Мен, міне, бөтен адаммын, олар менің құқымды бұзбайды. Сыйлайды, еңбегімді бағалайды. Демек, маған мұнда өмір сүру тиімді» деп жауап берген. Мұны Приск деген грек жазған. Демек, ата-бабамыздан өзге жұртқа көрсетілетін қасиетті құрмет бізде әлі де ерекше сақталған.

– Жаңадан құрылған Дін істері жөніндегі агенттік қызметі біздің әңгімеміздің арқауына айналған мәселелердің түйінін тарқатуда көмек болары сөзсіз. Сол сияқты дін қызметкерлерін шет елде емес, өз елімізде оқыту мәселесі дұрыс көтеріліп жүр ме?

– Бұл агенттіктің құрылғанына барша жұрт қол соғып, үлкен нәтиже күтіп отыр. Демек, агенттік енді негізгі мәселерді қолына алып, түйінді проблемаларды тарқатуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысының осы саладағы саясатын іске асырғаны дұрыс. Мұнда өте жоғары білімді, терең түсінігі бар мамандар қызмет етуі керек. Олардың алдында жаңа заң дайындау секілді көп жұмыс тұр. Ал дін қызметкерлерін елімізде оқытуға толықтай мүмкіндік бар. Мына Тәжікстанның сыртта 1100 баласы оқыған екен. Соған байланысты ел басшысы Тәжікстанда тұрам десеңдер оралыңдар, қайтпағандарға есік мүлде жабылады, деп жарлық етті. Міне, бұл дұрыс, дін мамандарын сырттан іздеудің қажеті жоқ. Бізде білім де, білік те жетеді. Сыртқа барғандарды ондағылар өздеріне тәуелді етіп алады. Сондықтан сырттан дін ілімін іздемеу керек. Барған адам дін ілімін емес, басқа мамандықтарға, мысалы, банк жүйесі, медициналық, техникалық білімдерге оқуы тиіс. Ал біздің халқымыз теріс ағымдарды ешуақытта қабылдамайды. Негізгі мақсат халқымыздың бірлігін сақтап, түгеліміз бір бағытта тәрбиеленіп, бір бағытта дамып,  ата-бабаның ескі жолымен жүріп, дәстүрлерін түгел сақтап, тілін, дінін, мәдениетін жалғастырып, басқа халықтарға үлгі, өнеге болатындай дәрежеге жету деп білемін. Мынау үлкен дариялар бөлек-бөлек бұлақтардан, кішігірім өзендерден құралып, аяқ жағы үлкен мұхитқа айналады. Ал егер сондай дариялар әр тұста бөлініп, әр арналарға түсіп, бөлектеніп ағатын болса, ол дариялардың аяқжағы құрдымға айналады. Міне, сол сияқты біздің халқымыз бөлініп-бөлшектеніп кететін болса, оның аяғы қайтадан құрдым болуы әбден мүмкін. Жоғарыда аталған Сақ, Ғұн, Скиф, Үйсін, Қыпшақ, Алтын Орда бұлардың бәрі ірі империялар болған. Бірақ бөліне бөліне құрдымға кетіп, халқымыз ұзақ уақыт қорлық  көрді. Осыны естен шығармай, барлығымыз бір арнаға түсіп, ұлы дария болып алға қарай ағуымыз керек.

– Салиқалы да салмақты әңгімеңізге көп рахмет.

Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

 

http://platon.kz/articles/4839-article.html

   
11 сентября 2011, 15:26
1794

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38725
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10683
  • 174
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2695
  • 46
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2047
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1920
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1742
  • 1
В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

В «Жилстройсбербанке» посоветовали не ходить в кафе, а копить на квартиру

При какой зарплате можно купить квартиру, рассказала председатель правления АО ЖССБ Ляззат Ибрагимова. Она также подчеркнула, что придется забыть, что такое вечеринки, кафе и всякие развлечения.
tala03
18 авг. 2017 / 9:55
  • 1419
  • 47