Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
06:42, 06 сентября 2011

Қазақ тілі ғана мемлекеттік тіл

 Жаңалықтардың бәрі қоғам қайраткерлерінің Президент атына жолдаған үндеуін талқылап жатыр. 138 танымал азаматтардың қол қойған үндеуінің толық мәтінін оқымасам да ол жайында жаңалықтардан қанық болдым. Ата Заңда орыс тілінің ресми деген мәртебесін алып тастауды жөніндегі ұсынысты барлық блогтар, орыстілді сайттар, соған жаны ашитындардың парақшалары жанталасып пікір білдіріп жатыр. Бізге соншама жаны ашып жатпағанын өзіңізде білген шығарсыз оқырман. Қазақ интернетінің оқырманы ғана емес соны құрушы саналы азаматтардың бірі емеспіз бе. Ендеше қазақ тілін қорғап бізде бірер пікір жазайықшы.

Қазақ ғарышкері мен әншілерінің атына қара күйе жағып, қаралап, дәйекті пікір айтуға шамасы жетпегендер боқтық сөздермен коммент беріп жатқанын көргеннің өзі ауыр екен. Менің жазған бір екі ауыз пікірім қара құйын балағаттың арасында жалғыздың үні шықпастың кері болып тұр.
Жалдпы осындай кезде ресей әлеуметтік сайттары құйқылжып от үстіне май құйып қалатын әдетінен танбауда. Әсіресе Қазақстан туралы бір жарытымды жаңалық бермейтін майл.ру порталының рөлі ерекше болып тұр.

Жалпы “ит үреді, керуен көшеді” дейді ғой дана халқымыз. Осындай балақтан тартқан әрекет қашан тыйылар екен. Әйтпесе қазақ елінің заңы, оны өзгерту, өзгертпеу халықтың қолында емес пе? Қазақ қонақжайлығының арқасында алшаң басып жүріп қалған, кешегі кеңес заманындағы “аға ұлттың” артықшылықтарын аңсағандардың аузына құм қашан құйылар екен деген ой санадан кетпейді.

 

1
339
0