Абыз «Аталы сөз»

Серик 2011 M09 5
5510
0
39
0

Ата-ананың қадірін, Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін, Жалалы болғанда білерсің. Балалықтың қадірін, Саналы болғанда білерсің. Асыл менен жасықты, Бағалы болғанда білерсің. Бостандықтың...

Ата-ананың қадірін,

Балалы болғанда білерсің.

Ағайынның қадірін,

Жалалы болғанда білерсің.

Балалықтың қадірін,

Саналы болғанда білерсің.

Асыл менен жасықты,

Бағалы болғанда білерсің.

Бостандықтың қадірін,

Жабылғанда білерсің.

Қалтаңдағы ақшаны,

Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін,

Ауырғанда білерсің.

Ақ бетіңнің қадірін,

Қан кеткенде білерсің.

Ақ білектің қадірін,

Әл кеткенде білерсің.

Жиырма бестің қадірін,

Жас өткенде білерсің.

Қара көздің қадірін,

Нұр кеткенде білерсің.

Татулықтың қадірін,

Дос кеткенде білерсің.

Аяқ қолдың қадірін,

Ақсағанда білерсің.

Отыз тістің қадірін,

Қақсағанда білерсің.

Қызыл тілдің қадірін,

Тоқтағанда білерсің.

Білгеніңді сөйлеп қал.

Білгендерден ғибрат ал!

Оцените пост

39
Дальше