Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M09 4
500
0
1
0

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АӨСШК   1996 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі 15 мемлекет өкілдерінің кездесуі өтті. Бүгінде бұл...

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ АӨСШК

 

1996 жылдың 6 ақпанында Алматы қаласында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) шеңберіндегі 15 мемлекет өкілдерінің кездесуі өтті. Бүгінде бұл кеңес Азия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған бұл кеңеске 22 мемлекет мүше. БҰҰ, ЕҚЫҰ және Араб елдерінің Лигасы және 8 бақылаушы мемлекеттер арқылы қызметін атқаратын бұл ұйымның беделі халықаралық деңгейде жоғары.  Бұл шара алғашқы бастамалардың бірі болса, кейінгі жылдары мынадай негізгі кездесулер ұйымдастырылған:

1999 жылдың қыркүйегі – сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі;

2002 жылдың маусымы – мемлекет немесе үкімет басшыларының бірінші саммиті;

2004 жылдың қазаны - сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі;

2006 жылдың маусымы - мемлекет немесе үкімет басшыларының екінші саммиті;

2008 жылдың тамызы - сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі;

2010 жылдың маусымы - мемлекет немесе үкімет басшыларының үшінші саммиті.

Біздің еліміз аталмыш кеңестің 2002 және 2010 жылдары аралығында төрағалық қызметін атқарса, бүгінгі күндегі төрағалықты 2012 жылға дейін Түркия атқаруда. Алдағы уақытта бұл Кеңес тек аймақта ғана емес, халықаралық деңгейде өз беделін жоғарылататынына сенімдіміз.

Оцените пост

1