• 31560
  • 2
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Жасыл Елдіктердің» мерейі

Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы болмақ.

Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарына жатады. Мұндағы халықтың басым көпшілігі бойында жалыны мен қуаты тасыған жастар екені бәрімізге мәлім.

Көрпесіне қарай көсілетін әр заманның өз жастары болады.  Жастар – ұлт келешегі. Ертеңгі қоғамның айнасы іспеттес. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Содықтан да жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұру дұрыс сияқтанады. Жалпы қандай елде болса да оның азаматтарының, жастардың қоғам өміріне белсене араласқаны жақсы құбылыс емес пе?! Әрине, солай!

Қазіргі танда, елімізде жастар саясаты қолға алынуда. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін  көрсетіп те жатыр.

Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі - жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту болып табылады. Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі «Жасыл ел» бағдарламасы.

«Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы бойынша қаланған болатын.

Нәтижесінде 2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылған еді.  Міне, сол кезден бастап Елбасының бастауымен  Қазақстан Республикасында «Жасыл Ел» бағдарламасы кең етек алды. Республикамыздың 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларында «Жасыл Елдің» аймақтық штабы өз жұмыстарын бастады. «Жасыл Елдіктердің» мерейі төгілген сәт те келіп жетті. Бүгінде, Республика жастары осы бағдарламаның іске асуына барынша атсалысуда. Сол жалынды жастардың көмегімен бұл ірі бағдарлама осы күнге дейін жақсы нәтиже көрсетуде.

Жалпы, бағдарламаның негiзгi мақсаты - жастардың күшiмен елiмiздi көгалдандыру, елді-мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы – жылына қаншама жастарды осы істерге тарта отырып,  олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.

«Жасыл ел» бағдарламасы жақсы бастама ретінде бүгінгі күнге дейін өз мақсатынан тайған емес. Қаншама студенттерiмiз бос уақытын тиiмдi өткiзе отырып еліне қызмет жасауда. Бiр жағынан елiмiздi гүлдендiруге, көгалдандыруға ат салысса, екiншiден, әрбiр жас өзiнiң бос уақытын игі іске жаратып жатқаны қуантарлық жайт болып отыр. Сондықтан мынадай iс-шараға барлық оқу орындары ат салысса, тiптен жақсы болар едi.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тауып кетері айдан анық. Бағдарламаның қалыптасу кезінен бастап, елімізде бірқатар шаралар, пайдалы акциялар  өткізілді. Егер басында бұл мәселе орайында, тек "не істеу керек?" деген сауал туындаса, қазір "не істелінді?" деп сұрайтын кез де келіп жеткен сияқты.

Қазір «Жасыл ел» - жастарды жарқын істерге жұмылдыру мектебіне айналып отырғанын байқаған да шығармыз. Жастар күшімен еліміздегі экологиялық мәселелерді шешу, елді көгалдандыру - Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, игілікті іс екені даусыз болғаны рас. Сондықтан да болашағы бар «Жасыл елдіктердің» мерейі жасай берсiн, дей келе, еліміздің көркеюі мен гүлденуіне үлестерін қосып жүрген жігерлі де ынталы жастарымыздың еңбектері жемісті боларына сенеміз.

Bakhyt Asenova Bakhyt_Asenova
27 августа 2011, 12:43
6102

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 11476
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10436
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9525
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 8161
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 7439
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4976
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3716
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3003
  • 62