"American Dream"?

Айжан Карибаева 2011 M08 27
1785
4
0
0

Шет елге шығып, онда 3 ай тұрып жұмыс істеп келу деген біздің ата-аналарымызға өз кездерінде үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін дүние болатын. Ал... қазір, тек оған деген өзіңнің талпынысың бар болса...

Шет елге шығып, онда 3 ай тұрып жұмыс істеп келу деген біздің ата-аналарымызға өз кездерінде үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін дүние болатын. Ал... қазір, тек оған деген өзіңнің талпынысың бар болса жеткілікті.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің қолдауымен құрылған Work and Travel бағдарламасы бойынша жыл сайын жүздеген студенттер Америкаға саяхаттау үшін және сонымен қатар ақша табу мақсатында елімізден аттанады. Тек сол саяхат әркімге әрқалай аяқталады...

Ал енді Америка өмірі туралы сонда жүрген қазақ студенті Асқарбектің өз аузынан естісек.

Асқарбек Қазанғап,20-да.

Ұлытау өңірінің тумасы.

Алматыда ҚазҰу-де журналистика факультетінде оқиды.

Университеттің "Фараби сазы" атты оркестрінің күйшісі.

"Асқарбектің айтқандары" атты жеке блогын жүргізеді.

- Асқарбек, W&T USA бағдарламасы туралы біліп, АҚШ-қа кеткенге дейінгі процесті баяндап берсең

- Америкаға саяхаттау жайлы ойлау мен үшін арман болатын бұрын. Құрлықтың ар жағындағы елді көруге ынтызар болатынмын. Соңғы жылдары көбінің құлағын шулатқан бұл бағдарламаға мен де елеңдеп, қаңтардың басынан интернеттен түрлі-түрлі агенстволар жайлы біле бастадым. Өз ойымша, осы болар-ау дегеніне барып, керекті деген құжаттарды жинауға кірістім. Басты талап-күндізгі бөлімнің студенті болу. Бағдарламаның өзіне жұмыс тауып беру қызметімен қосқанда 840$, 140$ консулдыққа, 1000$ билетке және тағы да 1000$ қалтаңа дегендей жалпы 3000$ ақша төледім. Солай билетімді қолыма алып, іштей дайындалып, ұшатын күнді асыға күтіп жүрдім.

- Бұған дейін шет елде болып па едің?

- Иә, бұған дейін Израиль мен Украинада болғаным бар. Алайда, бұлай 3 айға кетіп, сонда жұмыс істеу деген болмаған.

- Сонымен барғаннан кейін Алматыдағы агентство уәделі жұмысымен қамтамасыз етті ме?

- Не керек, NY түскеннен кейін Мaryland штатының Annapolis қаласына келдім. Уәделі жұмысым мені сонда күтіп тұруы керек еді. Алайда барған бетте олар маған басқа қазақты алып қойғандарын айтты. Сөйтсе, Қазақстандағы "жұмыс тауып берушім" кетерге аз күн қалғанда менің орныма өз туысын тығып жіберіпті. Сонымен үш күн жұмыс іздеп, төртінші күн дегенде Алла қолдап Вашингтонның жанындағы Hanover қаласынан кездейсоқ жүріп "Arundel Mills Mall" деген Алматыдағы Mega-дан 10 есе үлкен, ұзындығы үш шақырым орталықта попкорн мен cotton candy (тәтті мақта) сататын болып шыға келдім. Жұмысқа тұрардан бұрын 3 күн тренинг болды.

- Үй-жайың қалай болды? Қай жерде тұрдың?

- Вашингтонда тұрдым. Екі қала арасы көлікпен 30 мин. Жанымда үйді бірге жалға алатын осы жерде істейтін түріктер. Солармен бірге қатынаймыз. Мұсылманның қадірін шетте жүргенде біледі екенсің. Ойлап қоям, ағылшын тілімен қатар, түрікшем де дамыған сияқты) Ал мына көршілерім домбыраға қатты қызықтап қалды.

- Жұмысыңда қиындықтар болған жоқ па?

- Жоқ, жұмыс өте қызық. Күніне 900-1000 адамға қызмет көрсетесің. Аптасына 5 күн, 12 сағаттан жұмыс істеймін. Бір күнгі орташа жалақым-100-120$. Бала кезде жасалуына аузымды ашып қарайтын мақтаны өзім істеп, попкорн жасайтыныма қатты қуандым. Бастығым түрік болғанын қосып қойыңыз. Мынау жұмысымның жемісі).

- Бос уақытыңда не істейсің?

- Бос уақытым қала аралауға кетеді. Disney land-тен бастап, портты қала Baltimore, Атланта океаны, Ocean city қаласы және т.б. ұсақ қалаларды саяхаттап шықтым. Ендігі бағытымыз-Ниагара сарқырамасы. Одан кейін біраз күн NY-та болып, Алла жазса Қазақстанымызға да ораламыз.

- Айтпақшы, жақында болған жер сілкінісі кезінде қайда болып едің?

- Ол кезде досымды күтіп интернет кафеде отырған болатынмын, сол Вашингтонда. Бір сәтте отырған жер шайқалып, ыдыс-аяқтың бәрі құлап, адамдар шулап қаша бастады. Алғашқы секундтарда не істерімді білмей тұрып қалдым, шыны керек өлдім бе деген суық ой келді. Агентте біреумен сөйлесіп отыр едім, "((((" мынандай символ жіберіп үлгердім. Артынша жер сілкінісі. Алла сақтады, сол уақытта пенденің табиғат алдында қандай дәрменсіз екенін миллисекундта түсіндім... Ақша бәрі адырам қалсын, елге аман жетейін деген ой ғана болды.

- Жалпы Work&Travel бағдарламасы жайлы пікірің қандай? Достарыңа баруға кеңес беруші ме едің?

- Бұл бағдарлама туралы әркімнің пікірі әр түрлі. Болған студенттердің жағдайы да әр түрлі. Биыл көп студенттер жұмыссыз жүр. Оған болып жатқан келеңсіз, қайғылы оқиғаларды қосыңыз. Меніңше, келер жылы әсіресе қыздарын ата-аналары жібере қоймас. Бірақ мүмкіндік пен уақыт барда мың рет естігеннен гөрі, бір рет көргенің жақсы-ау деп ойлаймын.

Оцените пост

0

Комментарии

0
@askarbek_ulytau Асқарбек Қазанғап
#america Evakuacia boluda... Ulken tornada men jauyn kele jatyr. Jol jabyk. Jumys jok. Dukender bos. Adamdar ureili. Bir Alla ozin jar bol!
8 hours ago via Twitter for iPhone
мына хабарлама Асқарбектің твиттерінен. Елге аман-есен қайтуларына тілектеспіз! Алла жар болсын!
0
Әдемі, шынайы сұхбат!
"Сөйтсе, Қазақстандағы "жұмыс тауып берушім" кетерге аз күн қалғанда менің орныма өз туысын тығып жіберіпті..." Қасқа қазақ... "пенденің табиғат алдында қандай дәрменсіз екенін миллисекундта түсіндім... " табиғат емес Аллаһ деген дұрыс болар, дегенмен келісуге болады.
0
Керемет! Жолы болған студент :)
Показать комментарии
Дальше