Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M08 26
1751
0
1
0

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ 1996 жылдың 30 қаңтарында жаңа қос палаталы Парламенттің бірінші сессиясында Сенат пен Мәжіліс төрағалары сайланды. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың...

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТ

БАЙГЕЛДИОСПАНОВ

1996 жылдың 30 қаңтарында жаңа қос палаталы Парламенттің бірінші сессиясында Сенат пен Мәжіліс төрағалары сайланды. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді органы болып табылады. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталады және жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сенатты әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының тең жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенаттың жеті депутатын Республика Президенті тағайындайды. Парламенттің бірінші сайланымының өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 1998 жылғы қазаннан бастап – алты жыл (http: // www.parlam.kz).

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек Байгелди (1939 жылы туылған) Сенаттың Төрағасы болып сайланды. Ө. Байгелди экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі. Орталық Азия мемлекеттері ұйымының мүшесі. Литва Республикасының Сеймімен ынтымақтастық тобының мүшесі. «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет», «Отан» ордендерімен, ТМД елдерінің «Содружество» орденімен, бес медальмен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілген. Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында тұңғыш Мәжіліс Төрағасы болып Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (1949-2000) сайланды. М.Т. Оспанов экономика ғылымдарының докторы, Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі. Экономика ғылымы саласы бойынша 6 кітабы жарық көрген. 2-дәрежелі «Барыс» орденімен, «Астана» медалімен марапатталған. Бүгінгі күнде Ақтөбе қаласындағы іргелі жоғарғы оқу орындарының бірі Батыс Қазақстан медицина академиясына М. Оспанов есімі берілген. Ақтөбе қаласында Марат Оспанов тұрған үйге ескерткіш тақта ілініп, есіміндегі медицина академиясына қола бюст 2001 жылдың шілдесінде қойылған.

Оцените пост

1