Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

МҰРАТ НАСИМОВ 2011 M08 25
454
0
1
0

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ 1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бекітілді. Бүгінде құрамында 7 мүшесі бар кеңестің төрағасы...

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕЛ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

1996 жылдың 9 қаңтарында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі бекітілді. Бүгінде құрамында 7 мүшесі бар кеңестің төрағасы И.И. Рогов. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы бойынша:

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі».

Оцените пост

1